Созылмалы патологияны диагностикалау критерийлері
Автор: lyazzat9527 • Март 30, 2018 • Реферат • 3,064 Слов (13 Страниц) • 1,042 Просмотры
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет: Жалпы медицина
Кафедра: №1 ЖТД коммуникативті дағдылармен
Курс: 5
Группа: 512 «Б»
Курациядағы созылмалы ауруы бар балалардың диспансерлік бақылау кестесін құру (дәлелді медицина қағидалары негізінде)
(Студенттің өзіндік жұмысы)
Орындаған: Бержанова Еркеназ
Тексерген: м.ғ.д., проф. Г.М.Кульниязова
Актобе 2018
Жоспар
Өзектілігі
Созылмалы патологияны диагностикалау критерийлері
Диспансеризациялау принциптері
Бақылау жоспары
Зерттеу түрлері және мерзімдері
Сауықтыру жоспары
Есептен шығару критерийлері
Әдебиет
Өзектілігі
Рахит- сәбилердің қарқынды өсу кезеңіндегі Д витамині мен оның белсенді метаболиттерінің аздығына байланысты кальций-фосфор зат алмасуы өзгерісімен, сүйектердің минералдануы мен сүйек құрылуының және негізгі ағзалар мен жүйелер қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауру.
Күні бүгінге дейін рахит балалар арасында кең тараған ауру. Балалар патологиясында рахиттің маңызы зор: тіпті жеңіл түрінің өзі организмнің дертке қарсы қабілетін төмендетіп, бала ауруы мен өлімінің көбеюіне жанама түрде әсер етеді. Аурудың кеш диагностикасы мен емінде, сондай-ақ ауыр ағымында организмде мүгедектікке дейін әкелетін қайтымсыз өзгерістер жүруі мүмкін.
Рахит- бала организмінің Д витаминінің жеткіліксіз түсуіне немесе оның метаболизмінің бұзылысына байланысты пайда болатын, ең алдымен фосфор-кальций зат алмасуы өзгерісімен, негізгі ағзалар мен жүйелер қызметінің бұзылуымен, соның ішінде сүйек қаңқасының зақымдалуымен сипатталатын ауру.
Д витамині жетіспейтін рахит- Д витаминінің жетіспеушілігі салдарынан сүйек тінінің минералдануы мен фосфор-кальций алмасуының бұзылысына негізделген үдемелі өсуші бала организмінің ауруы.
Созылмалы патологияны диагностикалау критерийлері
Шағымдары: мазасыздық, қорқыныш, тітіркенгіштік, гиперестезия, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы, ұйықтарда, қатты дыбысқа, жарыққа селк ету немесе шошу, тершеңдік, бала басын жастыққа үйкеуі, шүйде аймағындағы шаштарының түсуі, бас сүйектерінің, кеуде клеткасының, омыртқаның, аяқ-қол сүйектерінің деформациясы, физикалық дамуда қалыс қалуы, тістерінің кеш шығуы.
Анамнез: Ауру 3-4 айлық кезден көрініс береді, дегенмен алғашқы белгілері 1-1,5 айда байқалуы мүмкін. Қауіп факторлары анықталады.
Физикалық тексеру:
Клиникалық критерийлер:
- Остеомаляция симптомдары (жұмсару, сүйектен кальцийдің шайылуы- рахиттің жедел ағымында басымырақ болады)- бас сүйектерінің, үлкен еңбек жиектерінің батыңқылығы, краниотабес, брахицефалия, бас сүйектерінің, аяқ-қол сүйектерінің деформациясы, тегіс жамбас, тістердің кариесі мен эрозиясы.
- Остеоидты гиперплазия симптомдары (рахиттің жеделдеу ағымында басымырақ болады)- маңдай және төбе төмпешіктері, қабырға «тасбиықтары», мешел «білезігі», саусақтарда «інжу талшығы» көрініс береді.
- Сүйек тінінің гипоплазия симптомдары- «аяқтың қысқалығымен» сипатталатын бойдың өсуінің кідірісі, сүт және тұрақты тістердің кеш шығуы, үлкен еңбектің кеш жабылуы.
- Бұлшық ет гипотониясы симптомдары- кеуде-бел кифозы, сколиоз түріндегі омыртқаның қисаюлары, төменгі апертурасының кеңеюімен жүретін кеуде клеткасының деформациясы, бұлшық еттердің былжырауы, баланың іші бақаның іші тәрізденіп, жалпайып («бақа іші» ) кетеді.
- Статикалық және локомоторлық қызметтің кідіруі.
І- (жеңіл) дәрежелі рахит- рахиттің бастапқы кезеңіне сәйкес келеді. Жалпы жағдайының аздаған бұзылыстары: қозу, мазасыздық, кенеттен шыққан дауысқа немесе жарыққа селк ету, ұйқының бұзылысы, беткей «беймаза» ұйқы. Тершеңдік (қышқыл иісті, жабысқақ тер), терінің қышуы, бала басының шүйде аймағындағы шаштарының түсуіне әкелетін басын жастыққа үйкеуі. Сүйек-буын жүйесі жағынан: үлкен еңбек жиектерінің батыңқылығы.
...