Экологиялық білім беру мен тәрбиенiн даму тұжырымдамасы
Автор: 19660921 • Сентябрь 2, 2021 • Лекция • 2,417 Слов (10 Страниц) • 533 Просмотры
№1 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ТӘРБИЕНІҢ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Дәріс жоспары:
1. Экологиялық білім берудің тарихы мен келешектері.
2. Жалпы орта экологиялық білім беру жүйесін жасақтаудың қажеттілігі.
3. Экологиялық білім берудің негізгі қағидалары.
4. Экологиялық білім берудің мазмұны мен құрылымы.
1. Әлемдегі экологиялық білім берудің стратегиясы.
Экологиялық білім беру мен табиғатты қорғаудың жалпы стратегиясын жасақтау, әртүрлі елдердің күштерін біріктіру бұл салада білім, ғылым және мәдениет бойынша сұрақтардың (ЮНЕСКО) Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде жүзеге асырылады. 1968 жылы Парижде биосфераны тиімді пайдалану және ресурстарын қорғау бойынша ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық конференциясы ұйымдастырылды, онда «Адам және биосфера» деп аталатын кеңейтілген әрекет бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламада алғаш рет экологиялық білім берудің ғаламдық, жалпыадамдық сипаты анықталды. 1971 ж. желтоқсанда Швейцарияда табиғат қорғау ағартушылығы бойынша 1-ші Еуропалық жұмыс конференциясы өтті, онда «қоршаған табиғи ортаны қорғау» және «табиғат қорғау» ұғымдары синоним ретінде анықталды. Әлемдегі экологиялық білім берудің дамуындағы мәнді кезеңі ЮНЕСКО-ның ЮНЕП-пен («Қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ бағдарламасы») бірлесіп ұйымдастырған қоршаған ортаны қорғау саласындағы 1-ші Үкіметаралық конференциясы болды. 1977 ж. Тбилисиде ұлттық деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласындағы білімді дамытудың тегіс қамтитын стратегиясы қабылданды, сонымен бірге халықтың әртүрлі категориясына және білімнің әртүрлі сатысына қолданылатын экологиялық ағартушылықты жетілдіретін 40 астам нақты кеңеңтер жасалынды. Экологиялық білім беру саласындағы Халықаралық ынтымақтастық Найроби (1982), Бече (1983) және Москвада (1987) өткен конференцияларда жалғасын тапты. Жалпы, ЮНЕСКО-ның стратегиялық міндеті «білімнің ғаламдық торын» құру болып есептеледі. Барлық мектеп жүйесінде адамзатқа қауіп төнгізіп тұрған ғаламдық мәселелерді, қатерлерді енгізілуі тиіс, ғаламшар масштабыда адам, қоғам және табиғат арасындағы өзарабайланыстар түсінігін қалыстастырылуы тиіс. Бұл кезде адамның бүкіл Табиғатпен бірлігі түсінігі үлгісі ретінде әртүрлі діни және рухани ілімдердің рөлін ерекше атауға болады. ЮНЕСКО-ның бас директоры Ф.Майор есептеуінше, экологиялық мәселелерді шешудің маңызды факторы Ғаламдық Тәрбие болуы тиіс, яғни ол мектепке дейінгі балалар мекемесінен бастап, жоғары оқу орындарымен, мұғалімдерді даярлаумен және басқару аппараттарымен аяқталатын, барлық оқу бағдарламалары орталығына экологиялық сұрақтарды қоюды қарастырады. БҰҰ Комиссиясымен жасалған және 1993 жылғы Сан-Францискода БҰҰ Конференциясының Бас мемлекеттік қатысушыларымен мақұлданған тұрақты даму тұжырымдамасының негізгі ережелерінде айтылады:
- Экологиялық мәселелерді шешудегі басымдылық экологиялық білім беру мен тәрбие жатады. Дәл, экологиялық білім бүгінгі күні әлемдік қауымдастықты тұрақты дамуға бағыттайтын, қозғаушы күш болып қалыстасады;
- экологиялық білім фундаментальды және арнайы пәндердің білім беруінің барлық деңгейінде – мектепке дейінгіден жоғары оқуға дейін білім беруде енуі қажет;
- экологиялық білім беру соңғы қорытындысында тұтастай экологиялық ойлаудың қалыптасуына ықпал етуі тиіс.
Экологиялық білім беру мен тәрбие Қазақстан Республикасында бүгінгі күні білім жүйесі мен тұтастай қоғамның қайта құрылуының кілті болып, қазіргі заманғы білімнің негізіне айналуда. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы білімнің дамуын бүгінде келесі нормативтік құжаттар анықтайды: Қазақстан Республикасының Конституциясы (31 бап); «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ( 63-74 баптары); «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (3 бап); «Жоғары Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (3 бап); Өркениеттің тұрақты даму Тұжырымдамасы (Рио-де-Жанейро қоршаған ортаның дамуы бойынша БҰҰ конференциясы, 1992 ж.); Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім беру мен тәрбиенің ұлттық стратегиясы (1998ж.); Экологиялық білім беру бағдарламасы (1999ж.); Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру Тұжырымдамасы (БҒМ бұйрығы №697, 25 қыркүйек, 2002ж.); 2002-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы (ҚР Президентінің жарлығы № 1241, 3 желтоқсан, 2003 жыл).
...