Білім беру әлеуметтануының ұғымы мен мазмұны
Автор: assyl_03 • Сентябрь 22, 2021 • Реферат • 1,871 Слов (8 Страниц) • 2,618 Просмотры
1.Білім беру әлеуметтануының ұғымы мен мазмұны.
Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттейді. Білім беру әлеуметтануы – білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Әлеуметтанудың мұндай ерекше саласының бөлініп шығуы білімнің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербестігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алу қабілеттілігіне негізделген.
Білім беру әлеуметтануының пәні әлеуметтік институт ретінде білім (оның қоғамдағы қызметі мен басқа институттармен өзара байланысы), әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері (мектеп, ЖОО, т.б.), сонымен қатар білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеуметтануы, сондай-ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулерін зерттейді: мысалы, қоғамдық өндіріс элементтері, экономикалық қатынастар элементтері, саяси жүйе элементтері, рухани өмір элементтері. Білім жүйесі мен оның жеке кіші жүйелер ішінде пайда болатын әлеуметтік мәселелерге (мектеп, кәсіби оқу орны), оқытушы мен оқушы арасындағы өзара қатынас, ұжым мен топ арасындағы қатынас, мектеп сыныптары ішіндегі қатынас саласындағы мәселелерге келетін болсақ, мұндай мәселелер білім беру әлеуметтануының саласы ретінде педагогика әлеуметтануын қалыптастырады.
Білім беру әлеуметтануының өзіндік ерекше міндеттері бар:
- Білім алудағы қажеттілікті зерттеу, қоғам өмірі мен жеке өмірдегі оның рөлін, түсініп, бағалау;
- Олардың әлеуметтік маңыздылық астарындағы білім сапасын және деңгейін бағалау;
- Қоғам мен білім алушылардың білімге қатынасы, оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу;
- Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету;
- Рухани қажеттіліктер мен мүдделер серпініне оның әсер ету деңгейін анықтау.
Қазіргі жағдайда Қазақстанда білім беру жүйесінің алдында мазмұнды және құрылымдық-ұйымдастырушылық сипаттағы міндеттерді шешу мәселесі тұр. Мазмұнды көзқарас бойынша, құндылықтық іргелілікті қалыптастыру, өзіне жалпы адамзат мұратының үздік үлгілерін және ұлттық тарихи-мәдени мұрасына ие принциптерді жанастыратын білім жүйесіндегі гуманитарлық білімнің базалық негіздерін дамыту және орнына келтіру қажет.Білім беру мекемелерін зерттеу пәні ресми және бейресми құрылым, балалар мен жеткеншектер ұйымдарының ерекшеліктері, мұғалім мамандығының әлеуметтік-психологиялық аспектідегі әлеуметтік мәртебесі, оқу ұжымындағы өзін-өзі басқару мен басқарудың өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Білім беру әлеуметтануында әлеуметтік саясат мәселелері үлкен орын алады, оның негізгі міндеті – білімнің әртүрлі қызметтерін оңтайландыру, әр түрлі салада (өндірісте, ғылымда, мәдениетте, басқаруда) оның тиімділігін арттыру. Сондай-ақ жалпы қоғам дамуындағы оның адам факторын белсенді етудегі рөлі анық.
2.Білім жүйесінің әлеуметтік құрал ретінде өмір сүру қызметі және оның құрылымы.
Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды. Білім беру процесі əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге, нақты материалдарға негізделген, мақсатқа бағытталған процесс. Білімді социология ғылымында қарастыру ерекшелігіне көшсек, социология білімді əлеуметтік институт ретінде қарастырады. Əлеуметтік институт — бұл өздерінің нормалары мен ережелері бар, белгілі бір қызметтер атқаратын, қоғамдық өмірдің жеке салаларындағы əлеуметтік қатынастарды реттеп отыратын институционалдық мекемелер немесе ассоциациялар (ұйымдар). С.С. Фроловтың айтуы бойынша, «əлеуметтік институт — бұл мəнді қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін, қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын байланыстар мен əлеуметтік нормалардың ұйымдастырылған жүйесі». Білім — ол əлеуметтік институт, өйткені ол өзінің тұрақты құрылымы, статусы, нормасы, ережесі, символдары бар, автономды түрде əрекет етеді. Əлеуметтік институтқа тəн, басқа да белгілері бар. «Білім беруге байланысты адамдар əрекеттерін реттеуші жəне ұйымдастырушы нормалар жиынтығы білім берудің əлеуметтік институтт болып табылатынына куəлік етеді» Ең алдымен, білім беру институциаландырылған, заңмен бекітіліп, мемлекет пен қоғаммен мойындалған. Білімнің кез келген деңгейде екі негізгі қызметі бар. Олар: 1) білім беру; 2) əлеуметтендіру, тəрбиелеу. Әлеуметтік білімнің құрылымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар-мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуін, тәртіпке келтірілуін айтамыз.
...