Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ХХ ғ. бірінші жартысындағы Батыс Қазақстан облысында білім беру орындарының даму тарихы

Автор:   •  Май 22, 2022  •  Курсовая работа  •  20,012 Слов (81 Страниц)  •  317 Просмотры

Страница 1 из 81

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................4

1 тарау. ХХ бірінші жартысындағы Батыс Қазақстан облысында білім және мәдениет ошақтары

  1. БҚО білім және мәдениет орындары ..............................................................7

1.2 Орал қаласындағы білім, мәдениет және ден саулық сақтау орындары қызметі …………………………………………………………………………..19

2 тарау. ХХ бірінші жартысындағы Батыс Қазақстан облысында білім және мәдениет орындарының ғимараттары мен турғындардың мәдені-рухани дамуы

2.1 ХХ ғ. БҚО әкімшілік-территориялық құрылымы..........................................36

2.2  Әкімшілік, мәдени және қоғамдық құрылыстың дамуы..............................39

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................56

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қандай да бір саланың тарихын үйреніп білу үшін алдымен сол адамның білім деңгейі маңызды орын алады. Өйткені, өткенді білуде қандай да бір уақиғаны немесе қоғамдағы өзгерісті талдап түсіну үшін білімің жоғарғы деңгейде болу керек. Өз кезегінде әрбір өңірдің білім саласының қалыптасып дамуын зерттеу қазіргі кезеңде өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі.

Өңірдің тарихын тануда, соның ішінде білім беру саласы тарихын түсіну – өткенді талдап, болашаққа көз салуға, халықтың рухани қайта өрлеуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі Қазақстан аумағында Патшалық Ресей құрамындағы кезеңде ашылған, мектеп, оқу орындарының саны өте көп. Дегенмен оқу-ағарту мәселесі Қазақстанға кірер қақпа – Кіші жүз жерінде ертерек басталып, өз жемісін ерте беріп, нәтижесінде, еліміздің басқа аймақтарына таралған болатын. Мұрағат құжаттарын саралау барысында өңірде оқу-ағарту ісі екі бағытта діни және азаматтық бағытта болғандығын аңғарамыз. Діни бағыттағылары жергілікті тұрғындардың қаражатымен ұсталған. Ал діни мектептер патша өкіметінің арнайы нұсқауы мен шекаралық комиссия бекіткен молдалардың ашқан мектеп немесе медреселері болатын [1]. Оларда әрине білім берудің ешқандай жүйесі болмады. М.С.Бабажановтың айтуынша «қазақтар арасында басқаша білімді татар молдалары пайда болып, олар ислам дінін ұқтырып уағыздай бастаған» [2].

Білім беру орының пайда болуы және оның даму тарихын зерттеу қай кезеңде де өзінің актуальдығын жойған емес. Сондықтан да олардың тарихын зерттеу қоғамда өткен тарихымыз туралы нақты көзқарас қалыптастыру қажеттілігімен байланысты. Ағарту тарихын зерттеуде олардың өңірде пайда болуы қоғамдық ұйымдардың күрделі формаларының қалыптасуымен, дамудың жаңа деңгеймен байланыстыра отырып, өркениет пен руханияттың бір-бірімен тікелей байланысты тарихи процесс ретінде қарастырамыз.

Тақырыптың зерттелуі. қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі өткен ғасырдың 20-30 жылдары үлкен өзгерістерге бағыт алды. Мемлекет зайырлы білім мен ағарту жүйесін өз құзіретіне ала бастады. 1920 жылы қазанда Қазақ АКСР-нің ХАК-ы құрылып, қазақ жерінде білім беру жүйесінің жаңа кезеңі қалыптасты. Елімізде ағарту саласы бойынша халық комиссары тағайындалып, оның басшылығына алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы келді. ХХ ғасырдың басындағы алаш арыстарының еліміздегі зайырлы білім беру ісінің дамуына қосқан үлесі және ағарту жүйесіне енгізген жаңалықтары орасан зор.

         Жалпы Қазақстанда, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер енгізілген.

...

Скачать:   txt (260 Kb)   pdf (482.9 Kb)   docx (380.1 Kb)  
Продолжить читать еще 80 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club