Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіптік білім беру саласындағы «Педагогика мамандығына кіріспе» курсының рөлі мен орны

Автор:   •  Сентябрь 28, 2020  •  Практическая работа  •  1,442 Слов (6 Страниц)  •  743 Просмотры

Страница 1 из 6

Назерке Жанболат

ҚТӘ-11 студенті

Практикалық жұмыс 1-2

Кәсіптік білім беру саласындағы «Педагогика мамандығына кіріспе» курсының рөлі мен орны

1-тапсырма

Адамзат тарихындағы педагогикалық кәсіптің пайда болуы және қалыптасуы

Адамзат баласы өзінің жинақтаған білімін, тәжірибесін келер ұрпаққа жеткізіп отырмаса, даму процесінен ада қалар едік. Педагог мамандығы ертеден келе жатқан көне мамандықтардың бірі. Сондықтан да қоғам алдында осы мамандыққа деген қажеттіліктер туындады.

Ерте замандарда алғашқы ашылған мектептерде ұстаз қызметін  абыздар атқарды. Олар  балаларға жазуды,  сызуды  музыкаға үйретті. Ежелгі Греция елінде  мектептегі сабақ беретін мұғалімді « дидаскалар» деп атаған. (грек «дидаска» - оқытамын),   ол мектепке баратын баланы жетектеген құлды «Педагог» яғни  (грек – бала жетектеуші)  деп атаған екен.  Ежелгі Рим мемлекетінде  ғылым және өнеролардың  өмірлерінде үлкен  орын  алды. Бұл саладағы  білімді таратушы мұғалімдер болды,   сол себепті мұғалімдердің  жан – жақты білімді адамдар болуы тиіс еді.  Рим мемлекетінде мұғалімдерге  ерекше көңіл бөлініп,  олар қоғамда   ерекше статусқа  ие болды. Кейін мұғалімдердің көбі  мемлекет  қызметкерлері  болып та, қызмет атқарды.

Алғашқы мектептер ежелгі Шығыс елдерінде – Вавилон, Ассирия, Египет, Үндістан, Қытай және т.б. елдерде пайда болды. Алғашқы мектептер туралы жазбаша деректер б.з.б. 2500 жылы Египет жазбаларында кездеседі. Ертедегі Шығыс елдеріндегі мектептерде  негізінен үстем тап өкілдерінің  балалары оқыды.  Сонымен қатар  Кіші Азияда және Египетте  мектептер дами бастады. Адамдар  табиғат құбылыстарына бақылау  жүргізе бастайды, су тасқынын  алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты  ғылымдардың негіздері қалана  бастады. Осы мәліметтердің барлығы  үстем тап өкілдерінің қолында  жинақталған.   Ертедегі Қытайда  төменгі және жоғары мектептер  жұмыс істеді. Жоғары мектептерде  үстем тап өкілдерінің балалары  күрделі пероглиф тәсілімен оқуға  және жазуға үйренді, философия  және мораль жазушылар мен  ақындардың шығармаларын оқып  үйренді.

Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие  туралы мұғалім мен тәрбиеге  қойылатын талаптартуралы құнды  ойлар кездеседі. Бұл мектептерде  қатаң тәртіп, дене жазалауды  кеңінен қолданылады. Және де ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келген.

Орта  ғасырларда  мектептер  шіркеу жанында орналасты. Бұл  мектептерде сабақты  педагогикалық  мамандыққа  икемі бар  дін  басылары  берді. Бұл мұғалімдер  сыныпта  әрбір оқушымен жеке  дара жұмыс істеді. Капитализм  дәуірінде мұғалімдік мамандықтың  қоғамдағы жағдайы біршама ілгері  басты. Мұғалімдерге арналған семинарлар,  училищелер ашылды. Бұл мемлекет  тарапынан талаптардың қойылуына  байланысты еді.

Қазақстанда  мұғалімдер кадрларын дайындаудың  тарихи жайында сөз қозғасақ, алғашқы жоғары білімді маман даярлайтын оқу орындары ашылғанға дейін педагогикалық жоғары оқу орнын ашудың қажеттілігі күннен – күнге  арта түсті.

1928ж. РСФСР және Қазақ  АҚСР халық комиссарлары кеңесінің  шешіміне сәйкес Ташкент қазақ  педагогикалық институты Алматыға  көшірілді де,  Қазақтың мемлекеттік  педагогикалық институтына айналды. Оның бірінші ректоры профессор С.Ж.Асфендияров болды. Республикада алғаш ұйымдасқан қазақ  педагогикалық институты 1931 жылы бірінші рет өз түлектеріне өмірге жолдама  берді.

Педагогикалық мамандықтың пайда болуының өзіндік  негізі бар. Ғасырлар бойы ата – баба  тәжірибелерінен мұра боп жинақталып,игеріліп, меңгерілген шығармашылық  тәжірибелерді келер буын жас ұрпақтың бойында сіңдіріп, дамытпайынша , қоғам  дамымайды да  және өмір сүру мүмкін емес. Яғни,  тәрбие -  жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық – тарихи тәжірибені үйрету үрдісі.  Педагогикалық мамандықтың пайда болу кезеңінен бастап, мұғалімнің басты функциясы – тәрбиелеу.  «Тәрбие» термині тар мағынада тәрбиеші мақсат қойып тәрбиелейді, кең мағынада «өмір тәрбиелейді»  деп қолданылады. Тәрбие күрделі процесс, оған ғалымдар түрлі анықтамалар  берген. Шығыстың ғұлама ғалымы әл – Фараби пайымдауынша : «Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген  ғылым  -  апатқа әкелер…» деп тәрбиесіз берілген білімді сыңар қанатты құспен теңеген.

...

Скачать:   txt (18.9 Kb)   pdf (105 Kb)   docx (14.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club