Герменевтика мен феноменологиядағы таным мәселесін түсіндіріп беріңіз
Автор: wwwarsa • Сентябрь 24, 2024 • Реферат • 630 Слов (3 Страниц) • 26 Просмотры
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕТЕОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГИДРОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«ФИЛОСОФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША
№1 СОӨЖ /СӨЖ
Тақырыбы:
Герменевтика мен феноменологиядағы таным мәселесін түсіндіріп беріңіз.
------------------------------------------------------
Орындаған:
Есмұрза Гүлсім
«Метеорология» мамандығының
2 курс студенті
--------------------
Тексерген:
Сулейменов П.М.
Саяси ғылымдарының кандидаты,
доцент
Алматы, 2024
Герменевтика мен феноменологиядағы таным мәселесін түсіндіріп беріңіз.
Герменевтика мен феноменология философияда үлен орын алатын ұғымдар. Ең алдымен осы екі ұғымға қысқаша анықтама бере кетсек.
Герменевтика (гр. hermēneutikos - түсіндіру, талқылау) - түсіндірудің теориясы мен әдістемесі, мәтіндерді түсіндіру өнері. Ол көбіне діни мәтіндерді, әдеби шығармалардағы даналықтарды, философиялық мәтіндерді түсіндіреді. Ал феноменология дегеніміз алғашқы түйсіну нәтижесін, сана танымын пайымдап ашудың тәжірибесі, батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеалистік бағыт.
Бұл екі ұғым бір бірімен тығыз байланыста. Бірінші, герменевтика ұғымына талдау жүргізссек. XX ғасырдың 70-90 жылдарында «сыни рационализ» ғылым методологиясы, герменевтика интуитивизм және басқа да философиялық мектептер кеңінен тарала бастады. Герменевтикаға өте ежелі философтар назар аударған, олар мифтерді, философиялық мәтіндер мен афоризмдерді, рәміздер мен айтылңан сөзденді түсіндірумен айналысты. Мысалы, неоплатониктер Гомердің Платонның және басқа да ойшылдардың шығпрмалырын түсіндірумен айналысты. Христиан ойшылдары Библияны түсіндірді. Қайта Өрлеу дәуірінде антикалық кезеңнің ескерткіштерін түсіндңруге көп көңіл бөлінді.
Философиялық мәселе ретінде герменевтиканы алғаш рет неміс философтары Ф.Шлегель (1772-1829) және Ф.Шлейермахер колданысқа енгізді. Оларды «тіл философиясы»қызықтырды, бәрінен бұрын поэзиядағы объективтік-сұлулықты керсету мәселесі, сондай-ақ өнердегі және мәдениеттегі алуан түрлі фрагменттердегі көрініс мәселесі болды. Бұл туралы Ф.Шлегельдің «Поэзия туралы әңгіме», «Грек поззиясын зерттеу тураль» жэне Ф.Шлейермахердің - «Монологтар» мен «Диалектикасы» мысал бола алады.
Г.Гадамердің пікірінше, философияның өңбойын «түсіну» мен «түсінуге күш жұмсау» алып жатыр. Адам өзінің әлемдегі орны мен өзінің маңызын біле отырып, болмысты шегі бар «мағналық мүмкіндік» ретінде түсінеді.
Түсіну - басқалармен қатар тұрганда таным ерекшелгі емес. Бұл адамның, өзінің өмір сүру сипаттамасы, оның болмысы. Герменевтиканың іргелі ақиқаты деп Гадамер мынадай ережені есептеді: «Ақиқатты бір адам ғана танып, хабарлай алмайды. Диалогты барынша қолдап, басқаша ойлайтын адамға сөз беру керек. Оның айтқпн сөзін миға тоқып алу керек - міне герменевтиканының жаны осында»
Енді біз феноменология терминіне келетін болсақ, феноменология - тарихи қозғалыс ретінде ХХ ғасырдың бірінші жартысында басталған Эдмунд Хуссерль, Мартин Хайдеггер, Морис Мерлот-Понти, Жан-Пол Сартр және басқалары, бұл феноменологияны барлық философияның шынайы негізі пән ретінде кеңейтті,мысалы — этика,
метафизика немесе эпистемология.
...