Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі қарама-қайшылықтар мен жаңа көзқарастар
Автор: akzhunisk011 • Февраль 17, 2022 • Реферат • 282 Слов (2 Страниц) • 441 Просмотры
Эссе
Қаржаубаева Ақжүніс
БОПмӘ-301
Тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі қарама-қайшылықтар мен жаңа көзқарастар»
Былтырғы оқу жылының соңғы тоқсанын білім саласында бұрын-соңды болмаған ерекше жағдайда өткізуге тұра келді.Олай дейтініміз,бүкіл әлемге таралған індеттің жайылып кетуінен сақтану,оның алдын-алу мақсатында біздің елімізде де карантин тәртібі жарияланды.
Міне,осындай төтенше жағдай кезінде,мектептерде білім беруді қалай жалғастыруға болады?-деген көпшіліктің көкейінде сұрақтар туындағаны анық.
Алайда, аз уақыттың ішінде білім басшылығы білім беруді қашықтықтан оқыту арқылы жалғастыруды қолға алып,осы бағытта ұйымдастыру жұмыстары атқарыла бастады.Туындаған сұрақтар да бірте-бірте өз шешімін тауып,ұстаздар қауымы бұл іске жұмыла кірісіп кетті десек артық болмас.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішіндегі икемділікті,білімділікті, шеберлікті,мейірімділікті,шәкіртжандылықты қажет ететін мамандық-ұстаз деп білемін. Қашықтықтан оқытуға сынып жетекшілер күнделікті оқушылардың әлеуметтік жағдайын,көңіл-күйін,жай-күйін сұрап біліп отырды.Мәселен, оқушы ойдағыдай әлеуметтік желімен оқи алғанын,әлеуметтік желіні қолдана алғанын бақылауда ұстап отырды. Сынып жетекшілер «зумм» бағдарламасын жүктеп,ата-аналармен жиі жиналыс өткізіп,оқушылардың мән-жайын, жай-күйін біліп, тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде оқушыларда қашықтықтан оқытуда қиындық туындаған жоқ.Қашықтықтан оқудың оңтайлы тұсы бала отбасының жанында яғни,ата-аналар да карантин режимінде отырып,көп уақыттарын балаларына көңіл бөліп, сабақтарын да қадағалауға тиімді болды. Оның айғағы телеарналардан мұғалімдерге ата-аналардың шексіз алғысы айтылуы,оқушылардың өздері түсірген мұғалімдерге деген құрметтерін осылай білдірді.
...