Қашықтықтан оқудың қиындықтары мен мүмкіндіктері
Автор: meruert.04 • Сентябрь 24, 2021 • Доклад • 258 Слов (2 Страниц) • 421 Просмотры
"Қашықтықтан оқудың қиындықтары мен мүмкіндіктері"
2020жыл...Адамдар ертеңі не болары белгісіз тіршіліктің тұрақсыздығынан үрейленіп,өз қамын күйттеп,әр ақпаратты бір парақтап,іле-шала ұйықтап,айды-айға жалғап,шала жыл өткізіп жатқан зуылдық заманға тап болдық.Бұл жыл –күтпеген оқиғаларға толы жыл болды.Барық дүние жүзіне төнген нәубет,коронавирус пандемиясының зардабынан,біздің күнделікті тұрмыс-салтымызға үлкен өзгерістер енді.Басты өзгерістердің бірі-барлық оқушылардың қашықтықтан оқытуға ауысуы.
Қашықтан оқыту-бұл Ғаламторды пайдалана отырып,қашықтықтан оқыту тәсілі.Оқытудың осы форматының енуі-барлығымызға үлкен тәжірибе болды.
Менің өз басыма бұл оқыту түры өте ыңғайлы.Себебі, оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйлерін пайдалану мүмкіндігі артады.Оқушы жаңа тақырыпты өзі ізденіп оқиды,бұл оқушының жауапкершілігін арттырады.Әр оқушымен жеке жұмыс жасалады.Денсаулық бойынша шектеулер болмайды.Сонымен қатар,маған қатты ұнайтын жағы-уақыттың үнемделуі және өзіңе ыңғайлы уақытта оқу.
Қашықтықтан оқудың кемшіліктеріне келсек,мектептегі өтетін қызықты шақтарға не жетсін?!Әрбір адам мектептегі балалық кезеңнен өтуі тиіс деп санаймын.Мектепте бала өзінің өмірлік жолдастарын табады,кез-келген ортада тез тіл табысуды үйренеді,ақ пен қараны ажырата алады.Бастысы, тұлға ретінде қалыптасуға үлкен үлесін қосады.Егер қашықтықтан оқитын болсақ,мектептің қызықты шаынан құр қаламыз.Қашықтықтан оқыту жеке қарым-қатынастың болмауы әкеледі.
Жұмыс пен бос уақыт арасында шекара болмайды,бұл адамды күйзеліске ұшыратып,уақытын дұрыс қолдана алмайтын жағдайа әкеледі.Қашықтықтан оқыту тағы да көптеген қиындықтарды тудырады.
...