Зағиптар мен көру қабілетінде ақауы бар жеткіншектердің таным әрекеттері
Автор: ulbosik_27-09 • Май 4, 2022 • Курсовая работа • 20,490 Слов (82 Страниц) • 234 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .3
1 ЖЕТКІНШЕК ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Жеткіншек дамуындағы психофизиологиялық ерекшеліктер 6
1.2 Көруінде кемістігі бар жеткіншектнердің қоғамдық жағдайға бейімделу ерекшеліктері 25
1.3 Жеткіншектердің көру қабілетінің бұзылу түрлері 32
2 КӨЗІНДЕ КЕМІСТІГІ БАР ЖЕТКІНШЕКТЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ.
2.1 Зағиптар мен көру қабілетінде ақауы бар жеткіншектердің таным
әрекеттері 42
2.2 Зағиптар мен көру қабілетінде кемістігі бар балаларды зерттеу ерекшеліктері 51
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 57
ҚОСЫМШАЛАР 60
[pic 1]
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңдағы Қазақстанда демократиялану және ашық, жүйелі білім беру ісінің қалыптасуына байланысты балалардың түрлі категорияларын оқыту және тәрбиелеуде айрықша үлкен мақсат-міндеттер қойылуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін айта отырып, балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше мән беруіміз қажет екенін атап көрсеткен.
Үкіметіміз біздің болашағымыз балалар үшін барлық жағдайды туғызып, олардың дені сау, ұлтымыздың нағыз шыныққан, белсенді жастары болу үшін қамқорлықтар жасап отыр.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің "Балалардың көз ауруына көрсетілетін жәрдемді одан әрі жақсарту шаралары мен әдістері туралы" бұйрығы, осыған байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі мен Білім беру министірлігінің "Балалардың көру қабілетін сақтау жөніндегі" біріккен бұйрығы да осындай қамқорлықтың нақты айғақтарының бірі. Сонымен қатар "Бала құқықтарын қорғау туралы Конвенцияда" баланы туылғанға дейін және туылғаннан кейінгі құқықтық және басқалай қорғау қажеттігі, оның туған халқының мәдени мұралары мен мәдени құндылықтарын құрметтеу маңыздылығы және бала құқығын қорғау жолында халықаралық ынтымақтастықтың ролі жазылған. Онда балалар өздерінің табиғи нәзіктігіне байланысты ерекше қамқорлық пен қорғауды және жауапкершілікті отбасы мүшелеріне жүктелетіндігі расталған. [3,6].
"Мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы"[3,8].
Соңғы жылдары дамуы мен денсаулығында қандай да бір кемістігі бар балалар санының өсу тенденциясы анықталуда. Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, қазіргі кезеңдегі мектеп оқушыларының 30/40 пайызының денсаулығында физикалық немесе психикалық ауытқулар байқалады. Сонымен қатар туа бітті ауру балалардың саны арта түсуде.
Зағип және нашар көретін оқушылар көру кемістігі бар балаларға арналған арнайы (түзету) мекемелерінде білім алады және тәрбиеленеді. Арнайы мекемені бітіргеннен кейін жоғары және орташа арнайы оқу орындарына қабылданады. Оқыту үрдісінде зағип немесе нашар көретін студенттердің оқу мүмкіншіліктері ескерілмейді. Жоғары және орташа арнайы оқу орындарында тифлотехникалық құралдар мен осы категориядағы студенттердің ерекшеліктеріне сәйкес келетін білікті оқытушылар құрамы жоқ. Оқыту үрдісінде арнайы құралдар мен әдіс-тәсілдер қолданылмайды, көру кемістігінің құрылымы ескерілмейді.
...