Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Стресс және стресске төзімділік ұғымына теориялық талдау

Автор:   •  Октябрь 16, 2018  •  Реферат  •  9,146 Слов (37 Страниц)  •  1,804 Просмотры

Страница 1 из 37

МАЗМҰНЫ

Кіріспе..............

1 Қауіп – қатері жоғары кәсіп саласында қызмет ететін мамандардың стресске төзімділігі мәселесінің теориялық негіздері

  1. Стресс және стресске төзімділік ұғымына теориялық талдау............................

1.2 Қауіп – қатері жоғары кәсіп саласында қызмет ететін мамандардың психологиялық ерекшеліктері................

1.3 Қауіп – қатері жоғары кәсіп саласында қызмет ететін мамандардың стресске төзімділік мәселесі............

        

Кіріспе

 Тақырып өзектілігі. Қазіргі уақыт – даму мен прогресс уақыты. Өкінішке орай, XXI ғасыр табиғи және техногенді апаттар, террористік актілер және тұрмыстық апаттардың жоғарлауымен сипатталады.  Соңғы жылдардың өзінде  елімізде төтенше жағдайлар саны арта түсті. Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанда 24 әуе апаты орын алды. Мемлекет аралық әуе комитетінің (МӘК) тексеріс нәтижесі бойынша апаттың 80% - ға жуығы ұшуды орындау мен ұйымдастырудағы әуе қызметкерлерінің жұмысына байланысты, ал 10%-ы ауе техникасының ақауына байланысты, қалған 10% - басқа себептерге байланысты деп хабарлады. Соңғы 5 жылдың ішінде әуе апатының салдарынан 170 ке жуық адам қаза тапты. Өрт жағдайлары жайлы айтатын болсақ, 2012 жылы елімізде 16904 өрт жағдайы болып, 521 адам қаза тапты. Ал, 2013 жылы 11000 ға жуық өрт жағдайы тіркеліп 330 адам қаза тапты, ал 2014 жылы 13420 өрт тіркеліп 314 адам қаза тапты. Соңғы 3 жылдың өзінде елімізде 42 000 ға жуық өрт жағдайы тіркеліп мыңнан астам адам қаза тапты. Сонымен қатар, 2013 жылдың өзінде елімізде 359 844 қылмыс, ал 2014 жылы 341 291 қылмыс тіркелді. Мұндай мәселені шешімі, қауіпті жағдай әсеріне, экстремалды шарттарға қарамастан, тиімді әрекет ете алатын жоғарғы дайындығы бар мамандарды талап етеді.

Қазақстанның тәуелсіз ел болуы, қоғамдық қатынастардың барлық негізгі салаларын қайта жасақтауы – елімізде Азаматтық қорғаныс жүйесін әрі халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйесін құруға талап етті.

Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңында: «Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясаттағы жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады» деп атап көрсетілсе, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңында: «Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу – мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі» деп жазылған. Осыған орай, біз төтенше жағдайлардың алдын алу мен оның салдарын жою, қоғамдық тәртіпті қорғау, құтқару,барлау яғни, халық тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында еңбек ететін мамандықтар қауіпті мамандықтар қатарына жатады.

Қауіпті жағдаймен байланысты мамандықтар саны арту үстінде, әрине осыған байланысты үнемі экстремалды жағдайдың әсерінде болатын адамдар саны да өсуде. Қауіпті мамандық саласында қызмет ететін мамандықтар жоғары деңгейдегі стресспен, қызметкерлердің психикасы мен физиологиясына қойылатын жоғары  талаптармен, нервті-психикалық жүктемемен сипатталады (Коноплева И.Н., Богданович Н.В., 2010). Мамандықтың  ерекшелігі үнемі қауіп – қатерді күтуден,  оқыс оқиғалар аумағына іс-сапардан тұрады. Мұндай жағдайда кадрлердің тиімділігін арттыру өзекті мәселе  болып табылады.

Қару қолданумен байланысты мамандықтер күнделікті конфликттің ситуациялармен, қысыммен, өмірге қауіпті жағдайлармен байланысты. Құтқарушы маман – экстремалды ситуациядан зардап шеккендерді құтқаратын қызметкер. Мұндай мамандық иелері өзінің психологиясымен, тұрақтылығымен байланысты түрлі мәселелермен кездесіп, онымен байланысты барлық көріністерді (қан, жарақат, адам өлімі) шыдауы қажет.

Ұшқыш мамандығыда қауіпті мамандықтар қатарына енеді. Ұшқыш мамандығы нақтылықты, зейінді талап етеді. Ұшу барысында бір сәтке зейінін басқа жаққа аудару нәтижесінде, қайтарылмас қателік жасалуы мүмкін. Бұл тек жеке қауіп емес, бұл барлық адамның өмірі үшін қауіп білдіреді.

...

Скачать:   txt (139.9 Kb)   pdf (386.6 Kb)   docx (52.1 Kb)  
Продолжить читать еще 36 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club