Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақпараттық базаны жасау және танысу Теориялық бөлімі

Автор:   •  Апрель 8, 2018  •  Контрольная работа  •  626 Слов (3 Страниц)  •  1,043 Просмотры

Страница 1 из 3

Зертханалық жұмыс №1

Ақпараттық базаны жасау және танысу

Теориялық бөлімі

1С жүйесі қарапайым да күрделі бухгалтерлік есеп программасы болып саналады, ол әртүрлі меншік формасындағы және әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарда қолданылуы мүмкін. Жүйенің жұмысы мынадай негізгі 3 компонентке негізделіп жасалған: «Оперативтік», «Бухгалтерлік есеп» және «Есептеу» компоненті.

«Бухгалтерлік есеп» компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды. Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді. Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және көп деңгейлі есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Есептің қалған бөліктеріне, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін. Есеп ақшалай да,заттай да жүргізіледі. Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді. Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкалары да қолмен немесе автоматты түрде енгізе алады.

«Жедел есеп» компоненті – белгілі бір уақытқа байланысты шаруашылық операцияларды басқаруға арналған. Бұл компонентінің негізі қалдықтар немесе айналымдардың көп өлшемді есеп жүйесін құрайтын тіркелімдер болып есептеледі. Тіркелімдегі ресурстар қозғалысы Кіріс және Шығыс сияқты 2 тәсілмен туындауы мүмкін, сонымен қатар бұл ереже тіркелімнің барлық ресурстар үшін орындалуы тиіс. Сонымен, қалдықтар тіркелімі кірістелетін және шығысталатын ресурстар бойынша балансты бейнелеп қана қоймай,  оның «Жедел есеп» компонентінің негізгі тетігі болып табылады. Барлық құжаттар кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі іс-әрекеттер тізбегін қайталайтын бірыңғай хронологиялық тізбекті құрайды.

1С:Кәсіпорын жүйесі кәсіпорынның ұйымдастырушылық және экономикалық қызметін әмбебап автоматтандыруға арналған жүйе болып табылады. Мұндай қызмет түрлерінің алуан түрлі болғанына қармастан, 1С:Кәсіпорын жүйесіның нақты бір қызмет саласына бейімделе алу қасиеті бар. Мұндай қасиетті сипаттау үшін конфигурациялану термині қолданылады, яғни, нақты кәсіпорынның жұмыс істеу ерекшеліктері негізінде жүйені баптау мүмкіндігі бар.

Программа жеке немесе желі бойынша жұмыс істейді  әртүрлі объектілермен бір уақытта жұмыс істеу үшін қолайлы көп терезелі интерфейспен қамтамасыз етілген. Бухгалтерлік программаны жұмысқа дайындаудың ең бірінші, жауапты және көлемді кезеңі тұрақты немесе шартты-тұрақты деректерді компьютерге енгізу болып табылады.

«Қазақстан үшін 1 С Бухгалтерия 8» бухгалтерлік және салықтық есепті автоматтандыруға арналған, сонымен қатар коммерциялық қызметтің кез-келген түрін орындайтын ұйымдарда міндетті (регламентті) есеп беруді дайындау қарастырылады.

«Қазақстан үшін 1 С Бухгалтерия 8» кәсіпорынның алдында тұрған бухгалтерлік қызметтің барлық тапсырмалары өз шешімдерін қамтамасыз етеді. «Қазақстанға арналған 1С Бухгалтерия 8»-ге қоса 1С кәсіпорын 8 жүйесінің «Қазақстанда сауда басқару» және «Қазақстанда жалақы және персоналдарды басқару» қолданбалы шешімдерін пайдалануға мүмкіндік қарастырылған.

Есепшот құрамы, аналитикалық, валюталық, сандық есеп, ұйым есепшотында бухгалтерлік есепті жүргізу және оларда көрсетілген деректер заң талаптарына сай жүргізіледі. Қажет болған жағдайда пайдаланушылар қосымша қосалқы шот және аналитикалық есеп қимасын (разрез) құруға болады.

Практикалық бөлімі

1С бағдарламасын ашамыз. Жаңа базаны құрастыру үшін «Добавить» нүктесіне басамыз.

[pic 1]

Ашылған терезеден келесі пункті таңдаңыз «Создание новой информационной базы». 

[pic 2]

«Далее» батырмасын басамыз. Келесі кезеңде пункт «Создание информационной базы без конфигурации...»  таңдаңыз.

...

Скачать:   txt (10.5 Kb)   pdf (440.1 Kb)   docx (518.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club