Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бәсекеге қаблеттілігі ұғымының теориялық негiзi

Автор:   •  Май 10, 2022  •  Статья  •  1,368 Слов (6 Страниц)  •  147 Просмотры

Страница 1 из 6

Ниязбекова Р.К.

Э.ғ.к., профессор, М. Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан

1Абдіхалық С.М.

12 курс магистранты,  М. Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан

БӘСЕКЕГЕ ҚАБЛЕТТІЛІК ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

Түйін. Тауардың бәсекеге қаблеттілігі мәселесі ардайым өзінің өзектілігін жоғалтпайтындықтан, қазіргі таңда барлық кәсіпорындардағы заманауи  нарықтық экономика жағдайындағы ең өзекті проблемалардың бірі шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі болып табылады. Мақалада бәсекелестік және бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының сондай-ақ тауардың бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының теориялық аспектілері және олардың жіктелуі қарастырылған. Бәсекеге қабілеттіліктің түрлері ажыратылып оларға анықтама берілген.

Аннотация. Поскольку проблема конкурентоспособности продукции не теряет своей актуальности, в настоящее время одной из наиболее актуальных проблем в условиях современной рыночной экономики на всех предприятиях является проблема повышения конкурентоспособности выпускаемой продукции. В статье рассмотрены теоретические аспекты понятия конкуренции и конкурентоспособности, а также понятия конкурентоспособности товара и их классификация. Выделяют виды конкурентоспособности и дают им определение.

Abstract. Since the problem of product competitiveness does not lose its relevance, at present one of the most pressing problems in the conditions of a modern market economy at all enterprises is the problem of increasing the competitiveness of manufactured products. The article discusses the theoretical aspects of the concept of competition and competitiveness, as well as the concepts of competitiveness of goods and their classification. Identify the types of competitiveness and give them a definition.

Кілтті сөздер: бәсекелестік, бәсекеге қабілеттілік, тауар, бәсекелестік деңгейі, тұтынушы, маркетинг.

Қазіргі таңда барлық кәсіпорындардағы  заманауи экономика жағдайындағы ең өзекті проблемалардың бірі шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі болып табылады. Бұл өнімнің сапасын жақсартуға, сондай-ақ өнімді өндіру процесінде қолданылатын технологияларға ықпал етеді.

Тауар - бұл адамның қажеттілігін қанағаттандыра алатын және назар аудару, сатып алу, пайдалану немесе тұтыну мақсатында нарыққа ұсынылатын кез-келген өнім болып табылады. Бұл физикалық нысандар, қызметтер, орындар, ұйымдар және идеялар болуы мүмкін.

Бәсекелестік – негізгі экономикалық категория. Латын тілінен аударғанда тауар өндірушілердің тауар өндіру мен өткізудің неғұрлым қолайлы жағдайлары үшін, ең жоғары пайда алу үшін күресу процесін білдіреді, қоғамдық өндірісті реттеу механизмі қызметін атқарады.

Сыртқы факторлардың әсерін сезіне отырып, бәсекелестік экономиканы стихиялық ұйымдастыру жүйесінде реттеуші рөл атқарады, өндірушілердің өзара байланысын оңтайландырады, нарық субъектілерінің экономикалық бостандығы мен құқықтық тәуелсіздігі жағдайындағы олардың мүдделері мен мінез-құлық формаларын анықтайды. К.Маркстің тұжырымы бойынша: «Бәсекелестік капиталдың ішкі заңдарын жүзеге асырады, оларды жеке капитал үшін мәжбүрлеу заңдарына айналдырады, бірақ бұл заңдарды ойлап таппайды, оларды жүзеге асырады» [1].

Теориялық тұрғыдан алғанда, ұйымның бәсекелестік артықшылығы әртүрлі сипаттамаларға ие бола отырып, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті өніммен анықталады.

Тауарлар мен қызметтер бәсекелестік құралдарының бірі болып табылады, соның арқасында бәсекелес фирмалар өздері үшін жақсы беделге ие болуға және кәсіпорынның пайдасы үшін жаңа клиенттерді табуға тырысады.

Бәсекеге қабілеттілік ұғымы жалпыға бірдей маңызды және өмірдің әртүрлі салаларында қолданылады, алайда бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасының мәні көбінесе экономикалық аспектілерге жатады. Экономика саласында туындайтын бәсекелестік қатынастарды шартты түрде 3 деңгейге бөлуге болады:

...

Скачать:   txt (20.3 Kb)   pdf (116.7 Kb)   docx (23 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club