Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ә.Шәріпов. «Сахара қызы» шығармасын әдеби-теориялық талдау

Автор:   •  Март 27, 2024  •  Курсовая работа  •  14,770 Слов (60 Страниц)  •  34 Просмотры

Страница 1 из 60

Мазмұны:

КІРІСПЕ ........................................................................................................ 3 бет

І. Ә.Шәріпов. «Сахара қызы» шығармасының көркемдік ерекшелігі

1.1. Ә.Шәріпов өмірі мен шығармашылығы. «Сахара қызы» романының фабуласы ........................................................................................................ 4 бет

1.2. Шығарманың композитциялық құрылымы және жазылу тарихы....... 8 бет

1.3. Шығарма кейіпкерлеріне образдық талдау............................................ 10 бет

ІІ. Ә.Шәріпов. «Сахара қызы» шығармасын әдеби-теориялық талдау

2.1.Теңеу, Эпитет, Метофора қолданылуы .................................................. 20 бет

2.2 Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі............................. 31 бет

2.3. Шығармадағы мақал-мәтелдер.............................................................. 37 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................ 40 бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................... 42 бет

[pic 1]

Курстық жұмыс тақырыбы  - Әди Шәріповтің «Сахара қызы» романы.

Жұмыстың мақсаты – Әди Шәріповтің «Сахара қызы» романының тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысын, мақал–мәтелдердің қолданылу ерекшелігін, көркемдегіш – бейнелеуіш тәсілдердің, оның ішінде теңеу, эпитет, портрет, пейзаж,  метофора шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін анықтау.

Жұмыстың міндеттері:

Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:

1) Шығарма тіліндегі лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін таба білу;

2) Шығармадан мақал-мәтелдердің қолданыстарын анықтау;

3) Шығармадан эпитет, теңеу тағы басқа көркемдік тәсілдерді тауып, олардың стильдік қызметіне тоқталып, талдау, ерекшеліктерін анықтау.

Жұмыстың нысаны –  Әди Шәріповтің «Сахара қызы» романы.

Курстық жұмыстың өзектілігі: ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ қоғамындағы әйел теңдігі, қазақ қыздарының бойындағы қайрат - жігері, жеңісі Ә.Шәріпов «Сахара қызы» көрініс табуы. «Үния»- дәуір келбетін, сол тұстағы кезең шындығын суреттейтін шығарма. 

 «Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»- дейді Ж.Аймауытұлы. Әлемді оның әдебиетімен танимыз десек, онда суреткердің  шығармалары баға жетпес құндылық. Әр шығарма әлем аренасында ұлттық болмысты көрсетуге қызмет етеді. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғаннан кейін,көркем шығармалардың тілін зерттеу маңызды мәселе болып табылады.

Зерттеу жұмыстың жаңалығы:

  • Шығармада мақал-мәтелдердің аз қолданылуы.
  • Шығармада қос сөздердің көп қолданылуы.

Зерттеу жұмыста қолданылған әдістер. Көркем шығарманың лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау барысында мынадай әдістер қолданылды. Шығарманың лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін талдау арқылы сөйлемге сипаттама беру, сипаттама берілген тілдік элементтерге анықтама беру. Көбіне сөздікпен жұмыс жасау әдісі қолданылды.

Жұмыстың  құрылымы – кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан,  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен  тұрады.

І. Ә.Шәріпов. «Сахара қызы» шығармасының көркемдік ерекшелігі

1.1. Ә.Шәріпов өмірі мен шығармашылығы. «Сахара қызы» романының фабуласы

Әди Шәріпов (1912 -1993)

1912 жылдың 19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданының Мариновка селосында дүниеге келген. 1932–1935 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқып, 1935–1936 жж. Түрікмен КСР-індегі Красноводск педагогикалық техникумында оқу меңгерушісі болған. 1936–1938 жж. ҚазПИ-дің тіл-әдебиет факультетіндегі оқуын жалғастырған. Институтты бітірген соң Алматы облысының «Қаскелең» орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап Кеңес Армиясының қатарында болған. Беларусь жеріндегі, Смоленск, Орлов облыстарындағы партизан отрядтарының құрамында болды. 1943 жылдың желтоқсанынан 1944 жылдың мамырына дейін партизан қозғалысының Смоленск штабында жұмыс істеді.

...

Скачать:   txt (163.6 Kb)   pdf (406.3 Kb)   docx (261.6 Kb)  
Продолжить читать еще 59 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club