Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілінің стилистикасы және көркем мәтінге лингвистикалық талдау

Автор:   •  Апрель 29, 2025  •  Творческая работа  •  724 Слов (3 Страниц)  •  142 Просмотры

Страница 1 из 3

Аты-жөні:Қалибек Мәдина

Топ:КОК-217

Пәні:Қазақ тілінің стилистикасы және көркем мәтінге лингвистикалық талдау

Тексерген:Искакова Гулгул Женисовна

  1. Қазақтың әмбебап қыз-жігіттері.

    Баршаға  Мона Лизасымен жақсы танылған Леонардо да Винчидің ұшақ, велосипед сызбасын жасаған,парашют ойлап тапқан инженер ғалым болғанын, адам анатомиясын зерттеген анатом, жазушы-философ, математик, астроном, физик тағы басқа көптеген талант иесі болғаны адамды таң калдырмай қоймайды.Бір адамға осынша талант қалай сыйған дейсің. Әлемді тануға құштарлық, жаңалыққа талпынып, білімге ынтызар болуды көресің. Адамның жануардан артық тұсы - осы қасиеттері.Осы да Винчидей  әмбебап таланттар қазақтан да шыққаны қуантады. Олар кімдер? Таныса отырайық.

    Қазақтың маңдайына біткен дәрігері Халел Досмұхамедұлы оқуын алтын белгіге бітіріп келіп қазақ даласында Обадан,Сүзектен қырылып жатқан қазақтарға ол қандай ауру екенін,қалай емделу керектігін түсіндірген дәрігер-ғалым.Дәл сол дәрігер бірнеше жылдан кейін тарихшы-әдебиетшіге айналады.Шернияз шешен Кенесарының соңғы күндері жазған “Қазақ-қырғыз тілдерінің Сингармонизм заңын”, қазақтың жер-су аттарының тарихын зерттеп кетеді.Дәл сол әдебиетші-тарихшы бірнеше жылдан кейін саясаткерге айналады.Алашорда үкіметін құруға ат салысады,ұлттық банкты құруға,Алаштың атты әскерін жинауға күш салады.Санжар Асфендияров та дәл сондай әмбебап.Мұндай әмбебаптық біздің қазақ жігіттерінде ғана бар сияқты көрінеді.Ал қыздар ше?Әмбебап, жан-жақты қыздар болмады ма?

   Мүбина Ниязова- қазақтан шықққан тұңғыш стоматолог.Мәдина Бегалиева-қазақтан шыққан тұңғыш инженер-металлург қыз. Біреуі тіс жөндеп,біреуі инженер болып отыра беруге де болады. Бірақ бұл екі қыз қазақ даласында әйел құқықтары үшін күрескен,біздің тілмен айтқанда әйелдердің конференциясын ұйымдастырып,олардың ажырасу құқығы,күйеуге шығу еркіндігі,тазалығын(гигиенасын)түсінддірген,заңды,құқықты түсіндірген жан-жақты әмбебап қыздар.Олар да бар.Біле жүрейік.

  1. Блогер - сегіз қырлы, бір сырлы маман

Блогерлер - мықты бәсекелес. Желіде миллиондаған блог бар. Бір ғана WordPress.com-да 75 миллион блог бар екен. Ал оған Blogger, Tumblr және басқа да блогтұғырларды қосыңыз. Ал солардың ішінде мықты болу үшін еңбек ету қажет.

  Блогерлер жан-жақты. Олардың авторлық блог жүргізуі кішігірім газет шығарумен бірдей. Бірақ оны жазатын - бір ғана адам.Өзі автор, корректор, редактор, фотограф жене өңдеуші. Блогердің арсеналында HTML, SEO, дизайн, тіпті SMM болады.Орфографиялық, пунктуациялық ережелерді білумен қоса оның техникалық білімі болуы тиіс. Бағдарлама жасауда, веб-дизайнда тінтуір қызметтері мен әлеуметтік желідегі жұмысты да біліп алуы керек. Сонымен бірге ол өзінің блогін түрлі спамдар мен фишингтен сақтауы қажет.

    Блогерлер тәуекелшіл. Олар түрлі шараларға қатысып, өз ұсынысын жасайды. Қарым-қатынас маманының да рөлін атқарады. Блогерлер кәсіпкерлікпен де айналысады. Тұтынушыны табу, сатумен айналысу, серіктестер өнімін жарнамалау сияқты істердің барлығын блогер жасай алады.

Блогерлер - басқарушылар. Егер блог жургізуде блогер ұжыммен жұмыс жасайтын болса, ол білікті басшы болады, яғни жасампаз авторларды іздейді, контент-менеджерлерді табады, жұмысқа бақылау жүргізеді.

Блогер өз өмірі, өз қызығушылығы жайлы ғана айта бермей, түрлі салаларда ақпарат бере білуі, өзі көрген өмірді сипаттау арқылы, өзгеге сабақ болатын жағдайларды айтып беруі тиіс. Блогерлер қоғамдық пікір құрады. Блог - бұл дискуссия жасауға арналған орын. Акпараттық мақалалардан гөрі, блогта жазылған ақпарат ел-жұрттың әңгіме ететін мәселесіне бірден айнала кетеді. Ал абыройлы блогердің пікірі сол бетте-ақ танымал бола түседі.

...

Скачать:   txt (10.3 Kb)   pdf (103 Kb)   docx (138.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club