Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының теориялық және әдіснамалық негіздері

Автор:   •  Сентябрь 21, 2018  •  Реферат  •  26,266 Слов (106 Страниц)  •  2,156 Просмотры

Страница 1 из 106

Туризм - салыстырмалы түрде өте жас феномен және қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіптің бір саласы. Ол адамдардың арнайы бір қызметінің түрі ретінде қазіргі заманда қалыптаса бастаған. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Соның ішіндегі белсенді туризм – көптеген демалу түрінің дәстүрлі түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта ие болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көріп, таулы өзендерде жүзіп, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді.

Белсенді туризм табиғат пен спортқа тікелей қатысты болып келеді. Сондықтан ол туристтерден едәуір физикалық күшті талап ететін туризмнің бір саласы. Оған оқу жаттығу жорығы кезінде көзіміз жетті. Жалпы, жорықтың оқу-тәжірибесі бойынша есеп беруінде белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасынын тәжірбиеде қолданыс жолдары көрінеді. Аталмыш жорық  белсенді туризм үшін ең қолайлы өңір - Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 04.06.18-16.06.18 аралығында өтті.

Оқу-жаттығу жорығының негізгі мақсаты: белсенді туризмнің техникасы мен тактикасының туристік жорық кезіндегі кедергілерді еңсеруде, жорыққа дайындалуда, туристік құрал-жабдықтарды қолдануда, маршрутты мейлінше қауіпсіз өтуде, таныс емес мекенде бейімделуде және т.с.с., теориялық дағдыларымызды практикада қолдану. Сонымен қатар, кәсіби іс-тәжірибеде оқу үрдісінде алынған теориялық білімді бекітуге, тәжірибелік дағды мен білікке ие болуға, іс-тәжірибе базасы болып табылатын белгілі ұйымдарда алдыңғы қатарлы тәжірибені меңгеру болып табылады.V

Осы мақсаттар келесі бірқатар міндеттерді шешуге итермелейді:

  • Белсенді туризмнің техника мне тактиканың негізгі ұғымдары;
  • Белсенді туристік саяхатта тамақтандыруды ұйымдастыру;
  • Белсенді туристік саяхаттарға арналған құрал - жабдықтардың жалпы сипаттамасы;
  • Белсенді туризмдегі алғашқы медициналық көмек және медицинамен қамтамасыз етілу;
  • Белсенді туристік саяхаттағы физикалық дайындық;
  • Қарқаралы таулы-орман оазисінің физика-географиялық сипаттамасы;
  • Қарқаралы қ. қалыптасуының тарихи алғышарттары;
  • Қарқаралы таулы-орман оазисінің физикалық–географиялық орналасуы;
  • Қарқаралы таулы-орман оазисінің туристік-рекреациялық ресурстары;
  • Қарқаралы таулы-орман оазисінің туристік-рекреациялық ресурстары;
  • Қарқаралы қ. тарихи, археологиялық, табиғи және мәдени ескерткіштері;
  • Қарқаралы таулы-орман оазисінің өсімдіктер мен жануарлар(флора және фауна) дүниесі;
  • Қарқаралы тау-орман оазисінде оқу-жаттығу жорығы;
  • Оқу-жаттығу жорығындағы тактикалық зерттемелер;
  • Қарқаралы тау-орман оазисін туристік маршрут бойынша талдау және бағалау;
  • Оқу-жаттығу жорығында ұсыныстар мен жетілдіру жолдары.

Жалпы оқу-жаттығу жорығы студенттердің туризм саласында білікті маман болуда үлкен рөл атқарады және де жоғарыдағы көрсетілгендер аталмыш оқу-жаттығу жорығы бойынша есеп берудің өзектілігін айқындайды.

Аталмыш оқу-жаттығу жорығы бойынша есеп-беру кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда жалпы туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының теориялық және әдіснамалық негіздері туралы теориялық мағұлмат беріледі. Тараудың бірінші бөлімі белсенді туризм ұғымына және ұғымның түрлі пайымдауларына арналған. Бөлімнің қызықтырар мәселесі белсенді туризм түрлерінің әр алуандығы. Қандай туризм түрі болмасын, оның маңызды бөлігі тамақтану болып келеді. Сондықтан, келесіде белсенді туристік саяхаттағы тамақтандыруды ұйымдастыру сөзге алынды. Үшінші бөлім жорық алды тактикасының әзірленулеріне жататын жабдықтардың жалпы сипаттамасына арналады. «Белсенді туризмдегі алғашқы медециналық көмек және медецинамен қамтамасыз ету» бөлімінің мәні - алғашқы көмек жинағының құрылымы мен алғашқы көмек беру ережелері. Ал тараудың соңғы бөлімінде жорықтың сәттілігінін бірден бір кепілі бола алаиын физикалық дайындық туралы айтылады.

...

Скачать:   txt (376.3 Kb)   pdf (899.5 Kb)   docx (154.8 Kb)  
Продолжить читать еще 105 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club