Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектеп оқушыларының көшбасшылық қабілеттерін дамытудың формалары

Автор:   •  Декабрь 5, 2018  •  Статья  •  1,629 Слов (7 Страниц)  •  2,491 Просмотры

Страница 1 из 7

Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық университеті.

Психология кафедрасы. Педагогика және спорта факултетінің магистранты, Екібастұз қаласы № 36 мектеп-лицейінің

Бастауыш сынып мұғалімі Кожабаева Гульжан Калуадиновна

Қазақстан Республикасы. Павлодар облысы. Екібастұз қаласы. gkozhabaeva76@mail.ru

Мектеп оқушыларының көшбасшылық қабілеттерін дамытудың формалары

Мектеп оқушыларының көшбасшылық қабілеттері тақырыбы бүгінгі таңда ғалымдар мен зерттеушілердің тарапынан үздіксіз қолға алынып отырған тақырып. Сыныптағы көшбасшы – сыныптың ғана емес, бүкіл мектеп ұжымының, ата-ананың, тіпті қаланың, ауданның, республиканың мақтаны болуы әбден ықтимал.

Мектеп оқушысының көшбасшылық қабілеттілігі оның бастамашылдығымен, жаңалыққа құштарлығымен, ойын еркін білдіріп, сыни көзқарасты ұстана алатындығымен ерекшеленеді. Өзіне ерекше талап қойғыш, дәстүрден тыс міндеттерді әмбебап әдістермен шешуге бейімділігі жоғары, жауапкершілігі мол тұлғаның сыныптастарымен қарым-қатынасы да жоғары деңгейде болатыны белгілі.

Қазіргі уақытта күн сайын орын алып отырған елеулі өзгерістердің арқасында білім беру жүйесінде де, оқыту әдістемесінде де жаңарулар орын алуда. Мектеп оқушыларының көшбасшылық қабілеттері айқындалған соң, енді олармен үздіксіз, нәтижеге бағытталған жұмыстар реті жалғасатын болады. Ұстаздардың тарапынан мектепте көшбасшылық қабілетті дамытуға бағытталатын жұмыстардың кейбір түрлеріне тоқталайық. Бірінші, зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар  беру. Зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі көшбасшы оқушылардың білім, машық, икем, қызығушылық қасиеттерінің дами түсуімен ерекшеленеді. Өздігінен іздену белең алып, зерттеу жұмыстары арқылы оқушы өзінің талап-тілектерін, ұмтылып отырған межесін қанағаттандыруға тырысады. Жаңа білім көзін дайын күйінде ала салмайды, өзі ізденіп, қарастырып, талмай еңбектену арқылы қол жеткізеді.

Болашақ көшбасшыларды ерте бастан анықтау, дамыту мен тәрбиелеу қазіргі уақытта педагогика мен психологияда зерттелу үстінде. Отандық психологиялық-педагогикалық ғылым мен білім беру тәжірибесінде де бұл мәселенің танымалдығы арту үстінде. Қазіргі жағдайда болашақ көшбасшыларды дайындау мемлекеттің стратегиялық міндеті болып саналады. Бұл өзекті мәселенің шешімін табуы қоғамның қарқынды өркендеп, білім көкжиегіне ұмтылған жастардың, оқушылардың санының арта беруіне ықпал етеді.

Көшбасшыны қалыптастыру – уақыт талабы, жалғасын таба беретін үздіксіз жұмыс. Бұл бағыттағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға да болады, оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде жалғастырып отыруға болады. Кез келген тұлға үшін қазіргідей қатаң бәсекелестік жағдайында терең білім ауадай қажет, өмірлік ұстанымдарын алға тарта білуі үшін жан-жақты білім қорын бойына жинақтауы тиіс. Көшбасшылық қасиет кез келген мектеп оқушысының өзіне деген сенімділігін арттырып,  үйлесімді дамуға жол салады, өз алдына келелі міндеттерді қоя алады[1, б.12-13].

Қазір барлық мектептерде дерлік ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың діңгегі – оқушылардың ғылыми қоғамы. Оқушылардың ғылыми қоғамына барлық балаларды тартпайды, ерекше дарыны бар, зерек, жаңашыл, қолынан зерттеу, іздену келетін жеткіншектерді енгізеді. Бұл қоғамның өз мақсаты бар – оқушылардың ғылыми ізденіске қызығушылықтарын арттыру, қосымша деректермен жұмыс жасауға дағдыландыру, белгілі бір таңдалған тақырып аясында жетекші мұғалімнің бағытымен оқушы өзі ізденіске түседі, көп жұмыстар атқарады. Жас зерттеушіге айналған тұлға жұмысына мониторинг жасалып, ғылымға жетелеу арқылы шығармашылық мүмкіндіктері өрістейді. Әр сыныптан бес не 10 пайыздық шамада оқушылар ат салысуы ықтимал. Күтілетін нәтиже – оқушының тың ізденіске бейімделуі, жоғары нәтижелерге ұмтылыстарын шыңдау, ізденіс нәтижесінде алып отырған жаңа білімдерінің жоғары деңгейі. Білімді ала беру мақсат болып табылмайды, ізденіс нәтижелерін оқушылар семинар, конференцияларда ортаға салып, зерттеулік ізденісінің алғышарттары қалыптасады. Өз жұмысын қорғау арқылы әр тұлға өз көзқарасын дәлелдеп, тыңдармандарын сендіруге жаттығады, ізденісін байқатады. Бір ерекшелігі, бұндай зерттеу жұмыстарында нақты күнді жоспарлау мүмкін емес, өйткені әр оқушының шығармашылық деңгейі, дайындық барысы әр қилы болады. Ғылыми-ізденіс, зерттеушілік жұмыстары бір жағынан, мектеп оқушысының жаңа өнімге қол жеткізе алатындығын байқатады, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде. Өзіндік зерттеу тәжірибесі тиімді, мектептегі оқушылардың дарындылығын дамытудағы бұндай еңбек арқылы зерттеуге ұмтылыс, өзіндік көзқарас қалыптастыру дағдылары өркендей түседі. Зерттеу дағдылары мен білігін арттырып отыру – бүгінгі білім саласының маңызды міндеті. Ғылыми-зерттеу жұмысына таланттарды іріктеуден кейін, олардың ынталарын анықтауға қатысты тестілер өтіледі. Ғылыми тақырыптарын таңдауға ұстаздар бағыт беріп, оқушының пікірімен санасады. Ақпараттарды жинақтап, лайықты түрде шоғырландыра алуларына жол сілтейді. Ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, аталмыш жұмысынан нәтиже көрсетуіне де ұжым ат салысады. Мектептегі көшбасшы оқушылар жобалау әрекеттеріне де ат салысады. Белгілі мәселде, тақырып аясында өзіндік нұсқасын дайындауда жалғыз өзі немесе топтық тұрғыда жобаны дайындап, нәтиже шығаруға ұмтылады.

...

Скачать:   txt (25.6 Kb)   pdf (127.3 Kb)   docx (21.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club