Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік педагогикалық қолдаудың ерекшеліктері
Автор: saltanat.lzhan • Ноябрь 13, 2020 • Курсовая работа • 9,566 Слов (39 Страниц) • 1,219 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖІНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік педагогикалық қолдаудың ерекшеліктері»
Орындаған: Әбділдаева С.
Жетекші:Черниязова А.Ж.
2020 ж.
МАЗМҰНЫ
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- 1. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік педагогикалық қолдаудың ерекшеліктері
- 1.1 Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялықпедагогикалық қолдау ерекшеліктері.....................................................................................5
- 1.2 Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу. Аутизмі бар балалардың әлеуметтік бейімделуі........................9
- 1.3 Ерекше балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеудің маңызы................12
2. Әлеумететік аспект
- Оқыту мен тәрбиелеуде ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік-педагогикалық оңалту тетіктері..........................................12
- Мүмкіндігі шектеулі баланың отбасымен жұмыс................................23
3. Мемлекет негізінде ерекше балаға білім беру мазмұны мен инновациялық жолдарын жүзеге асыру
3.1 өмірлік қиын жағдайға тап болған, ерекше білім беру қажеттілігі....26
3.2 Балаларды әлеуметтік –педагогикалық қолдау мәселелерін мемлекеттік реттеу.........................................................................................28
Қорытынды.....................................................................................................30
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................31
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Әр адам қайталанбас тұлға, сондықтан адам қоршаған ортамен адамгершілік қарым-қатынасқа құқылы. Осы жай даму мүмкіндігі шектеулі балаларда жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай кемшіліктердің алдын-алу үшін баланы білім беру ұйымдарына бейімдеудің, әлеуметтік ортаға үйретудің маңызы зор.
Қазіргі демократиялық қоғамда әр адамның өзін өзі дамытуға, осы қоғамда айқындалуына, қабілетін шыңдауға, шығармашылықпен айналысуға таңдау бостандығы бар,өмірін толыққанды етуге, былайша айтқанда өз тағдырына қатысты субъект болып, өмірін мағыналы етуге құқылы. Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа біткен,тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарыынан қаршадай бастарынан қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда.Әрбір елде ерекше білімді қажет ететін балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрлерін қажет ететін жандар.Осындай балаларға арнайы көмек көрсету қазіргі таңда біздің елде өзекті мәселелердің бірі.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Ондай жандарға қамқорлық көрсетілуі керек-бұл біздің қоғам алдындағы үлкен парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады»,-делінген Елбасы Н. Назарбаевтың жолдауында. Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған білім беру қызметтерін Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің ҚР білім беру заңында белгіленген тәртіппен арнаулы ұйымдар психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері қызмет көрсетеді.
Жұмыстың өзектілігі- Баланың жеке қабілеттерін дамыту – өмір талабы, себебі күннен –күнге алға қарыштап дамыған заман өзіне лайықты тұлға талап етеді. Өзіне-өзі сенімді, өзін-өзі бағалай алатын тұрақты көзқарасы бар тұлға қалыптарстыру мұғалімнің маңызды проблемасы.
Мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік педагогикалық қолдаудың ерекшеліктері инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз етуді, жұмыс біліктілігі бойынша сұранысқа ие арнайы кабинеттерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын құруды, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды; - ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалар үшін білім берудің барлық деңгейлеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету
...