Жалпы білім беру үрдісіне қимыл – қозғалысында кемістігі бар балаларды қосу мәселесі
Автор: Miras Maksatulu • Май 19, 2020 • Реферат • 1,450 Слов (6 Страниц) • 731 Просмотры
"ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ» атты XXIIІ ғылыми студенттік конференцияына қатысу
Өтініші
Қатысушының аты-жөні | Қанидоллаева Тоғжан Алмасқызы |
ЖОО (колледждің) атауы | Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ |
Факультет, мамандық, курс, топ | Гуманитарлық факультет |
Секция | Педагогикалық ғылымдар |
Баяндама атауы | Жалпы білім беру үрдісіне қимыл – қозғалысында кемістігі бар балаларды қосу мәселесі |
Қатысушының тел.номері (дом., сот.) | 87785715480 |
Электрондық адрес: | Almasovna23@gmail.com |
Жетекшінің аты-жөні: | Н.М. Кусаинова |
Т.А. Қанидоллаева
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Ғылыми жетекші: Н.М. Кусаинова, п. ғ. к. , педагогика кафедрасының аға оқытушысы
Жалпы білім беру үрдісіне қимыл – қозғалысында кемістігі бар балаларды қосу мәселесі
Мемлекеттерге интеграцияланған құрылымдарда мүгедектігі бар балалар, жастар мен ересектер үшін бастауыш, орта және жоғары білім беру саласында тең мүмкіндіктер принципін мойындаған жөн. Олар мүгедектерге білім беруді жалпы білім беру жүйесіне ажырамас бөлік ретінде енгізуді қамтамасыз етуге міндетті. БҰҰ бас хатшысы –Кофи Аннон.
«Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы» (ТҚАБ) ұғымы жинақтамалық сипатқа ие және өзінің құрамына органикалық орталықты немесе шеткері пайда болған қимыл-қозғалыстық бұзылуды қамтиды.Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды келесі санаттарға бөледі:
- балалардың сал ауруы (БСА);
- қалпына келген немесе қалдықты кезеңдегі полиомиелиттің салдарынан;
- миопатиямен;
- туа біткен және жүре пайда болған ақыл-ой кемістігінің және тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуымен.
Қазіргі таңда балалардың БСА ауруы алдыңғы орындарды алып отыр.Дүние жүзілік статисика бойынша, осы ауруға шалдыққан балалардың саны 1,7-7-1000 дені сау бала.Осы ауруға шалдыққан балалар тек экологиялық емес, сонымен қатар перинаталды және неонталды медицинаға байланысты болып отыр. Қазақстандағы статистикаға сәйкес, соңғы 10 жыл ішінде церебральды сал ауруының таралуы 100 мың адамға шаққанда 2006 жылы 44,6-дан 2017 жылы 73,6-ға дейін 1,6 есе өсті. Семей қаласында бүгінде мың мүмкіндігі шектеулі бала тұрады. Олардың төрттен бірі арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын орталықтың әлеуетті қатысушылары болып табылады. Семей қаласында ерекше балалармен жұмыс жасайтын бірқатар жеке орталықтар бар, бірақ онда орналасу бәріне бірдей мүмкіндік бола бермейді. Жеке орталықтар балалармен күніне бірнеше сағат қана айналысады. Баланың орталықта болуы оның жеке оңалту бағдарламасына байланысты. Әдетте, ол бір жылдан үш жылға дейін созылады. Мерзімі аяқталғаннан кейін балалар қайтадан медициналық-әлеуметтік комиссиядан өтіп, жаңа оңалту бағдарламасын алып, кезекте тұруы керек болады. Орталықта психикалық және физикалық ауытқулары бар балалармен жұмыс істейді. Бұл церебральды сал ауруы және тірек-қимыл аппараты бұзылған, Даун синдромы, ақыл-ойдың дамуы және аутизм спектрінің бұзылуы бар балалар. Мекеме білім бермегендіктен, оқушылар контингенті бар сабақтардың негізгі мақсаты олардың қоғамға бейімделуі болып табылады. Жалпы, Семей және оның айналасында церебральды сал ауруы диагнозы қойылған 140 бала тіркелді.Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды МЖБС сәйкес жалпы білім берумен, сонымен қатар олардың дене бітімі дамуындағы, танымдық және тілдік әрекеттеріндегі ауытқуларды жеңуді қамтамасыз ету оқытудың негізгі міндеттері болып табылады. Тірек- қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайында, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін.[1]
...