Болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби-педагогикалық даярлау
Автор: Дидар Еркинтаева • Июнь 9, 2026 • Курсовая работа • 14,147 Слов (57 Страниц) • 10 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………………………..........…………………………..3
1 БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ................................................................................................20
1.1 Жоғары педагогикалық білім беруді реформалау жүйесіндегі кәсіби педагогикалық іс-әрекет мәселесі.......................................................................................................20
1.2 Жүйелік тұрғыдан қарастыру – зерттеудің методологиялық негізі............................................................................................................50
1.3 Жаһандану, жаһандық білім беру және бастауыш мектептің даму тенденциялары...........................................................................................73
2 БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІН КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛАУ ЖҮЙЕСІ.........................................................................................................117
2.1 Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің концептуалды моделін құру
негіздері..................................................................................................117
2.2 Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет моделінің құрылысындағы қажеттілік-уәждемелік аспект.............................................................162
2.3 Студенттерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті орындауды
оқытудың әдістері мен құралдары…...………..................................182
3 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗІ..............................................................................................................209
3.1 Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының критерилері......................................................................................................209
3.2 Эксперименталды жұмысты ұйымдастыру…....…………............228
3.3 Анықтау, қалыптастыру сынағын жүргізу және нәтижелерін сараптау...................................................................................................232
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................262
ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................................266
ҚОСЫМШАЛАР...........................................................................................250
3 тарау. БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗІ
3.1. Кәсіби-педагогикалық қызметтің қалыптасу критерийлері
Заманауи психологиялық және дидактикалық оқыту теориялары оқушыларда интеллектуалды мүмкіндіктерін әртүрлі қалыптастыру аспектілерін қарастырады. Оқытуға шығармашылық жолмен келу білім жүйесін меңгерумен қатар, матебілімдерді де меңгеруді меңзейді (В.В. Давыдов, А.Н.Звягин, А.В. Усова). Бұл идеялар қызметтің өз бетінше даму кезеңдерін болжауға көмектеседі, олардың мәні студенттердің оның мазмұны мен құрылымын меңгерулері бойынша арнайы жұмыс бойынша анықталады.
Қалыптасқан шеберлік мазмұны сабақтың мақсаты мен міндетін анықтау шеберлігін қалыптастыру бойынша кәсіби-педагогикалық мазмұны арқылы ашылады.
Қызметті орындау құрылымы негізінде операциялардың бір-біріне қатысты операциялардың орналасуы деп түсінеміз. Біз дамушы құрылымды жасадық, ол оқу сабағының мақсаты мен міндетін анықтау бойынша іс-әрекет пен операциялардың жалпы түрінде мазмұнды анықтаумен белгіленеді.
Психология қызметті адамның қажеттілігіне, мотивациясына байланысты сипатталатын ортаға қарым-қатынасын анықтайтын процесс ретінде қарастырады (194). Қызметтің құрылымы әртүрлі позиция тұрғысынан бағаланады. әлеуметтік-психологиялық позиция тұрғысынан кез келген қызмет құрылымын мына кестемен көруге болады: мақсат – мотивация – тәсіл – нәтиже (194, 228, 285, 363). Қызмет элементтеріне оларды орындау тәсілдеріне қарай мақсаты мен операцияны жүзеге асыруды қамтамасыз ететін іс-әрекеттер болып табылады. Оқыту процесін басқару үшін принципиалды міндеттер бағытталған – операция жүйесі сияқты іс-әрекеттің құрылымдық және функционалдық түрлерін ажырату болып табылады (87, 228, 372, 390). Іс-әрекеттерді операция арқылы сипаттауда біз мынадай қарама-қайшы сәттердің тұтастығына сүйенеміз: бір іс-әрекет бірнеше операциялармен жүзеге асырылуы мүмкін және бір операция әртүрлі іс-әрекетте көрініс табуы мүмкін. Осы анықталған заңдылық арқылы оқыту тәжірибесінде орындауға арналған әртүрлі оқыту алгоритмдерінің болуын түсіндіреміз. Оқыту қызметін ұйымдастыру үшін принципиалды міндет ретінде ерекшеленген элементтердің мәртебесін түсіну болып табылады. Жүйелік жол позициясы тұрғысынан олардың қызметін тұтастық жүйесінде қарастыру қызығушылық танытады.
...