Қазақ тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды тиімді орнату тәсілдері
Автор: Samal.2003 • Май 16, 2022 • Курсовая работа • 3,605 Слов (15 Страниц) • 526 Просмотры
Өзін-өзі тану Адамның Үйлесімді дамуы гумманитарлық колледжі.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды тиімді орнату тәсілдері.
Орындаған: Тыныбаева Самал (Бастауыш білім беру,ҚБ-206 топ)
Тексерген: Едігеева М.
Алматы
2022
Мазмұны:
І Кіріспе ........................................................................................................................................ 3
ІІ Негізгі бөлім:
1.1 Грамматика дегеніміз не? Грамматикалық жаттығулар.Олардың маңызы...........................................................................................................................................4
1.2.Грамматикалық жаттығулар мен мысалдар. Грамматика сабақтарының түрлері...........................................................................................................................................6
1.3 Грамматика жаттығулардың ішіндегі кең тарағаны,грамматикалық талдау.Жалпы түсініктеме.Олардың түрлерімен танысу..................................................................................14
Қорытынды....................................................................................................................................18
Қосымша........................................................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................................................................19
КІРІСПЕ
Қазақтілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды қолдану өте маңызды рөл атқарады және ауқымды тақырып. Сабақ үстінде қолданатын жаттығулар түрі сан алуан. Бұл курстық жұмыста грамматикалық жаттығуларды қолданудың тиімді жақтары және шығу тарихы туралы сөз болды. Сондай-ақ грамматика туралы жалпы түсінік беріледі. Және де грамматикалық тәсілдер туралы түсінікті жан жақты қарстырамыз,түрімен таныстырамыз.
Жұмыстың өзектілігі: Мектепте оқытылатын барлық пәндердің де маңызы зор десек, оның ішінде қазақ тілінің орны аса ерекшеленіп тұрады. Оқушының ойлауы мен тілін дамыту, дүниетанымын қалыптастыруда қазақ тілі пәніне үлкен міндеттер жүктеледі. Сабақты оқыту барысында грамматикалық жаттығу жүмысының моні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдвірады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай тіддік материалмен жүмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып болінеді.
Жұмыстың мақсаты: Жаттығулардың пайдасын түсіндіре отырып, жалпы мәлімет беріледі. Және де сол жерде қарастырылатын мәселелер жайында сөз етіледі.
1.1 Грамматика дегеніміз не? Грамматикалық жаттығулар. Олардың маңызы.
Грамматика деген не?
Грамматика (грек тілінен – әріп, жазу) — тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.
Үлкен екі саласы бар:
• Морфология;
• Синтаксис.
Мектеп оқулықтары мен кейбір зерттеулерде тілдің мәнді бөліктерін құрайтын дыбыстар жүйесіне, сөздер мен сейлемнің ырғақты әуеніне (интонация) байланысты фонет. Құбылыстар да, дұрыс жазуға байланысты орфографияның, сөздегі дыбыстардың айтылуына байланысты орфоэпияның, сейлемде тыныс белгілерін дұрыс қоюға байланысты пунктуацияның мәселелері де Грамматика шеңберінде қаралады. Сөзжасамға тілімізде туып отыратын жаңа сездердің жасалу амал-тәсілдері, лексика-семантикалық яғни бөтен тілден сөз aлу, жаңа ұғымға байланысты сөз мағынасының өзгеруі арқылы жасалған туындылар, синтетикалық яғни қосымшалар арқылы жаңа сөз жасау, аналитикалық яғни сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі т. Б. Сөзжасам үлгілерінің өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыз түрлері, олардың заңдылықтарымен бірге бұрыннан да жасалып, қалыптасып кеткен сөздердің құрамдық-құрлыстық сипатын анықтау жатады. Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды, олардың сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің граммат. Құрылысындағы белгілі жүйелер, заңдылықтар, атап айтқанда тілдегі сөздердің белгілі бір ортақ грамматикалық қасиеттері арқылы топ-топқа белінуі, сөйлеуде сол сөздердің бір-бірімен байланысқа түсуі, сейлем құрап, белгілі бір қызмет атқаруы негізгі грамматикалық ұғымдармен сипаттапады.
...