Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ әдебиеті сабақтарындағы қалыптастырушы бағалау «Мұғалім аз үйретсін,оқушы көп үйренсін»

Автор:   •  Декабрь 14, 2023  •  Эссе  •  488 Слов (2 Страниц)  •  55 Просмотры

Страница 1 из 2

      Қазақ әдебиеті сабақтарындағы қалыптастырушы бағалау

«Мұғалім аз үйретсін,оқушы көп үйренсін»

Я.А Коменский

Заманауи білім беру үдерісінде бүгінгі күні бағалаудың орны ерекше. Оқушылардың іс-әрекет нәтижесін бағалау үдерісі барлық білім беру үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, бағалау ұғымы ақпаратты қамтамасыз ететін оқыту мен оқу үдерісін түрлендіруге мүмкіндік беретін және кері байланысты, өзін-өзі бағалауды іске асыруға қызмет атқаратын оқушы мен мұғалімнің кез-келген іс-әрекеттер түріне жатады.

     Қалыптастырушы бағалау- бағасыз бағалау.Оқушылар бағалаудың жаңа әдістерін пайдалана отырып,оқушылардың қарым-қатынасын,өзін-өзі реттеуге және оқу нәтжесінде ынтасын арттыра отырып сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Оқушылардың білімі бағасыз бақылануы керек.Бағаға қарап қалған ештеңе жоқ екенін бала түсінуі қажет және біздер болашақ мұғалім ретінде бағаның бала көңіл-күйіне қатты әсер ететін,сыныптастары мен достары арасындағы беделі мен дәрежесін көтеретін болмаса төмен түсіретін құралға айналдырмауымыз керек.Яғни кез-келген мұғалім оқушының дайындық деңгейіне ғана қарап баға қоймай,оқушы өз бетінше әрекет етіп, кез-келген жағдайда шешім қабылдай алатындай өз ойын анық дәлелді жеткізуге дағдыландыру.Сонымен қатар кез-келген оқушының сабақ барысында жеткен жетістігін не болмаса жасаған қателігін өзге балалармен салыстырмай,тек қана оқушының сабақты түсіну мен қабылдау деңгейін,тапсырма орындау барысындағы ептілігін,өздігінен жұмыс жасай алуын бақылай алатын бағалау.

     Қалыптастырушы бағалау-бұл баланың оқуын үздіксіз бақылау үдерісі.Неліктен бағалау жүйесіне мұндай өзгеріс енгізілді? Себебі, дәстүрлі бағалау жүйесі өзін-өзі бағалауға және бақылауға мүмкіндік бермейді, яғни тұлғаның өзін-өзі жетілдіру және дамытуын тежейді. Ал қалыптастырушы бағалауда оқушылар өзінің білімі үшін жеке жауапкершілік алады,басқалар ол үшін оны істемейтіндігін түсінеді.Яғни,қалыптастырушы бағалау арқылы біз оқушылардың кез-келген сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра аламыз.Қызығушылық танытқан баланың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігі өте жоғары болады,демек қызығушылық танытқан жерде білімге деген құштарлық оянады.Ал,оқушылардың білімге деген құштарлығы білім сапасының жоғарылауына әсерін тигізбей қоймайтыны сөзсіз.

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (63.8 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club