Топтык жумыс әдістерін биология сабақтарында қолданудың тиімділігі
Автор: Naz1963 • Апрель 9, 2023 • Статья • 940 Слов (4 Страниц) • 206 Просмотры
УДК 373.1.02:372.8
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ӘДІСТЕРІН БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ӘДІСТЕРІН МАҢЫЗЫ
Досполат Ақерке Абдурахимқызы
aqerkeshka_97@mail.ru
Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының 2-курс магистранты
Ғылыми жетекші – б.ғ.к Бекенова Назым Аманкуловна
Алматы қ., Қазақстан
Аңдатпа: Бұл мақалада топтық жұмыс әдістерін биология сабақтарында қолданудың тиімділігі қарастырылды. Топтық жұмыс әдістері оқушыларды жан-жақты дамытуға, бірін-бірі тыңдауға, құрметтеуге баулып, берілген тапсырманы ақылдаса отырып, ынтымақтастықта шешім шығаруға үйретеді. Топтық жұмыс әдістерінің мақсаты - оқыту мен оқу тәсілдері арқылы мәселелерді шешу, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін қамтасыз ету. Бірлескен топтық оқытудың негізгі міндеті - әрбір топ мүшесінің өз ойын толық жеткізіп, сыныптастарымен пікір алмасу арқылы дұрыс келісімге қол жеткізуі болып табылады. Биология сабақтарында оқушыларды жұпқа, шағын топтарға, үлкен топтарға бөлу арқылы берілген материалдарды оңай әрі тез игертуге болады.
Кілт сөздер: биология сабағы, оқыту, топтық жұмыс, шағын топтар, үлкен топтар, жұптық жұмыс, Кубизм әдісі.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында: “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер– бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” деп атап көрсеткен болатын [1]. Қазіргі мектептегі педагогикалық процестің негізгі міндеті - оқушының дамуы болып табылады. Осыған орай мұғалімдер жан- жақты дамыған, шығармашыл, білімді және алған білімін болашақта қолдана алатын, өзіне сенімді тұлға қалыптастыру мақсатында, сабақ барысында көптеген әдіс- тәсілдерді қолдануы қажет.
Н.К.Крупская жеке тұлғаны қалыптастырудағы, топтың ынтымақтасып дамуындағы топтық жұмыстың маңыздылығына тоқтала келе «Топтық жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады. Топтық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар» деп атап өткен болатын.Оқушыларды жан- жақты дамытатын, бірін- бірі тыңдауға, құрметтеуге баулитын, берілген тапсырманы ақылдаса отырып, ынтымақтастықта шешім шығаруға үйрететін— топтық жұмыс әдістері болып табылады. Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық жұмыс» термині- өзара іс-әрекет жасалып, соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы [2]. Яғни, топтық жұмыс әр оқушының нақты іс- әрекетінен туындайды, бірлесе жұмыс жасауға ықпал етеді. Бірлескен топтық оқытудың негізгі міндеті әрбір топ мүшесінің өз ойын толық жеткізіп, сыныптастарымен де келісімге, бітімге қол жеткізуі болып табылады. Топтық жұмыс әдістерінің мақсаты- оқыту мен оқу тәсілдері арқылы мәселелерді шешу, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі (Кесте 1).
Кесте 1. Топтардағы бірлескен жұмыстың негізгі мақсаттары
Әлеуметтік Танымдық Эмоционалдық
• тәжірибелермен идеялармен алмасу;
• мәселені бірлесіп шешудің амалын табу;
• барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу; • жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу;
• маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту; • топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену;
• күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету;
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды көздей отырып мұғалім топтық жұмыстапсырмаларын ұйымдастырады. Топ мүшелерінің санына байланысты: шағын
...