Оқушылар ұжымы
Автор: AmanbaevaAE • Май 3, 2023 • Лекция • 1,004 Слов (5 Страниц) • 196 Просмотры
Аманбаева Акгуль Ерболовна, МИФ-22-1к тобы
- Оқушылар ұжымы - ортақ мақсаты анықталған, сол мақсатқа ұмтылуда бірігіп белсенді әрекет ететін, сайланбалы ұйымы бар, өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобы.
Оқушылар ұжымының белгілері: 1) ұжым мүшелерінің достық қатынасы;
2) әр оқушының өзіндік қадірін сезінуі;
3) әр ұжым мүшесінің қауіпсіздікті сезінуі;
4) іс-қимыл, әрекет белсендігі;
5) әр оқушының ұстамдылығы;
6) көшбасшы бастамасымен біріге әрекет етуі.
Оқушылар ұжымының құрылымы: көшбасшы, топ белсенділері, негізгі көмекшілер, оқу секторлары.
Оқушылар ұжымының даму кезеңдері: 1-кезең. Оқушылар ұжымның алғашқы негізі салына бастайды. Топ белсенділері мен көшбасшысы әзірше анықталмаған, бір-бірімен енді ғана араласып, танысып-білісіп жатқан орта. Мұғалім оқушылар тәртібі мен қызметтеріне арнайы талаптарын қояды. Сондай-ақ, әр оқушының мінез-құлқын, қабілеттерін анықтайды.
2-кезең. Топ белсенділері мен көшбасшысы тағайындалып, мұғалім қолдауымен ұжымды басқара бастайды. Ұжым мүшелері арасында достық қарым-қатынастар пайда болып, қалыптаса бастайды. Оқушылар бір-біріне үйренісіп, жаңа қырлары ашылады.
3-кезең. Ұжым толықтай қалыптасады. Мұғалім басшылығымен әрі топ белсенділері мен оқушылардың біріге жұмыс жасауы арқасында оқушылар ұжымы көзделген мақсатқа қол жеткізеді.
Оқушылар ұжымын қалыптастыру жолдары:
Бірыңғай педагогикалық әдістерді қолдану, мысалы, пікірталастар өткізу, оқушылардан психологиялық тесттер алу, т.б.
Оқушылардың өз-өзіне қызмет көрсету әдісі, мысалы, оқушылардан сабаққа қатысты рефлексия алып, өз еңбегін бағалатқызу.
Жарыстар ұйымдастыру, оқушылар арасында спорттық және интеллектуалдық жарыстар өткізу.
Оқушылар ұжымының даму деңгейін анықтау критерийлері:
- Оқушылар арасындағы шынайы достық деңгейі
- Оқушылардың ортақ мақсатқа жұмыла ұмтылуы
- Топтық шаралардың дұрыс жүзеге асырылуы
- Жұптық жұмыстардың жүйелі орындалуы
- Әр оқушының өзін қадірлі, қауіпсіз сезінуі
- Ұжымның тәрбиелік қызметін ұйымдастырудың тиімді формасына мысал ретінде, жаһандану заманындағы өзекті мәселелер жөнінде пікірталастар дебаттар өткізу; топ жиналыстарын өткізу; соғыс және еңбек ардагерлерімен, жетістікке жеткен тұлғалармен кездесулер ұйымдастыру; балалармен бірге өнер ордаларына, ЖОО орындарына, кітапханаларға бару; оқушыларға баяндамалар мен ғылыми жобалар жазғызып, пікірталастарға, конференцияларға қатыстыру; ата-аналармен жұмыс жүргізу.
- «Оқушылар ұжымын қалыптастыру мәселелері».
Менің ойымша, кез келген ұжым әртүрлі отбасыдан тәрбие алған, әртүрлі ортада жетілген, әртүрлі көзқарасты адамдардан тұрғандықтан, ондағы мәселелердің болу заңды дүние. Әсіресе, ұжымның жаңа ғана қалыптасып келе жатқан кезеңінде бірқатар мәселелердің болары айқын. Болашақ педагог ретінде, оқушылар ұжымын қалыптастыру бірқатар мәселелеріне тоқталайын.
...