Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көркем шығарманы талдау үлгісі Т.Әбдік «Тозақ оттары жымыңдайды» әңгімесі

Автор:   •  Январь 29, 2021  •  Творческая работа  •  339 Слов (2 Страниц)  •  2,598 Просмотры

Страница 1 из 2

Көркем шығарманы талдау үлгісі

Т.Әбдік «Тозақ оттары жымыңдайды» әңгімесі

Тақырыбы

Ұлт тағдыры

Жанры

Хикаят

Идеясы

Нәсілшілдер айқасы (өркениеттің, демократияның, мәдениеттің еш жазығы жоқ араку тайпасының жеке әлемін бұзуы)

Көркемдік әдіс

Сюрреализм (өркениет қарқынын түсіне алмай, бойын қорқыныш билеген адамның санасына үрей қалай билік жүргізетіндігі баяндалады (Янумака бейнесі), психологизм (араку тайпасын қырған ақ нәсілділерден қашқан Киякудің психологиялық жай-күйі табиғатпен астастыра суреттеледі).

Негізгі сарындар (мотивтер)

Жалғыздық (Жалғыз қалған Киякудің көңіл-күйі суреттеледі. М/ы: жалғыздық дерті жайлаған жан дүниесіне бір сәуле енгендей болып, еңсесін көтерді); Қорқыныш, үрей сарыны (өркениеттен үрейленген, қорыққан Янумака шал жынданып өледі. Ақ нәсілдер жаққан электр шамдары «тозақ» болып елестейді. Шығарманың «Тозақ оттары жымыңдайды» деп аталуы содан; Жатсыну (Янумака шалдың Пауланы ұнатпауы, ортаға қабылдамауы, түбінде бір қорқыныштың болатынын сезуі); Сағыныш (Киякудің өзінің бұрынғы өмірін сағынуы, аңсауы. М/ы: Осы тұста көкірегіне қақыратқан бір дерті сағыныштан көзінің алды тұмандануы).

Негізгі концептілер

Тағдыр, өмір мен өлім, тозақ, уақыт.

Мифопоэтикалық немес мистикалық көріністер

Янумака шалдың қызыл оттардан, жалыннан шошуы, тозаққа түскендей болуы.

Жазушының стильдік ерекшелігі

Табиғат пен адамның көңіл-күйін астастыра суреттеуі, шығарманы баяндауда лирикалық шегіністі, ретроспекция әдісін пайдалануы (М/Ы.Анасынан шыр етіп түскенде әкесі оған «Кияку» деп ат қойды).

Символдық астарлы мән

Янумака шал көрген «тозақ оттары» арқылы түбінде араку тайпасының жойылып, ең соңында ақ нәсілдер өркениетінің үстемдік орнататынын астарлап жеткізеді.

Мекеншақ (Хронотоп): уақыт пен кеңістік ұғымы

Шығармадағы мекеншақ категориясы кешегі мен бүгінгіні еске түсіру, сағыну, үрейлену шеңберінде беріледі. Басты кейіпкер Киякудің (доктор Эдуард Бейкер) өмір кезеңдері, көңіл-күй тебіренісі реалды (бүкіл шығарманың өң бойындағы кейіпкердің басынан кешкендері) және перцептуалды (ақ нәсілділерден қашқан кездегі кеңістік пен уақыт шеңберінде өткен үдеріс, яғни 1 аптаға созылған уақытта үңгір, орман, ескі сүрлеу арасында адасуы) уақыт шеңберінде жүзеге асады.

Көркем шығарманың композициясы

Сюжеттің басталуы (экспозиция) – Палателидің Эдуард Бейкердің емханасына келуі

Сюжеттің дамуы – журналист Палателли мен доктор Э.Бейкердің арасындағы сұхбат

Сюжеттік байланыс – үндіс бала Киякудің алғаш рет өзін жауапты, аманат арқалаған адам кейпіне енуі

Сюжеттің шарықтау шегі – жалғыз өзі аман қалған Киякудің «белгісіз кеңістікке ұмтылуы»

Сюжеттік шешім – араку тайпасының соңғы өкілінің өлімі (Э.Бейкердің дәрігерлік қызметіндегі жалғыз сәтсіздік)

Көркемдік амал-тәсілдер

Шығармада кейіпкерлердің кескін-келбетін, психологиялық жай-күйін суреттеуде айшықтау мен құбылту түрделі, күрделі синтаксистік тұтастықтар пайдаланылады.

 

...

Скачать:   txt (5.5 Kb)   pdf (85.7 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club