Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқушылар мен студенттерге арналған шпоргалка Қазақстан тарихынан

Автор:   •  Сентябрь 10, 2021  •  Доклад  •  1,029 Слов (5 Страниц)  •  346 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан тарихынан шпор

Оқушылар мен студенттерге арналған шпоргалка Қазақстан тарихынан

ҰБТ тапсыратын оқшыларға сәттілік тілеймін

Ал студенттерге ВОУДта сәттілік

Қазақстан тарихы

Б. з. б. 2 млн 500 жылдан Б. з. б. 3 мың жылдыққа дейін — Тас дәуірі Б. з. б. 2 млн 500 жылдан 45-35 мың жылға дейін — палеолит. Б. з. б. 2,6 млн жылдан — 100,000 жылға дейін — Төменгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 300 — 30 мың жыл бұрын — Орта палеолит дәуірі. Б. з. б. 50 — 10 мың жыл бұрын Кейіңгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 10-15 мың жыл бұрын — Мезолит дәуірі. Б. з. б. 15-3 мың жыл бұрын — Неолит дәуірі. Б. з. б. 3-2 мыңжылдықтар — Мыстас дәуірі. Б. з. б. 35 / 33 — 13/11ғасырлар — Қола дәуірі. Б. з. б. XV-XIII ғасырлар — Андронов мәдениетінің кезі. Б. з. б. VIII ғ. — Темір дәуірінің басы.

«Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек». Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан

- М. Тәжин

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Тарих - кім-кімнен де жоғары ұғым», деген ойы кеше Мемлекеттік хатшының баяндамасында барынша таратылып айтылды.

Отырысқа Президент Әкімшілігінің, министрліктердің жауапты қызметкерлері, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, белгілі тарихшылар, жазушылар, тарих факультеттерінің декандары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.

«Бүгінгі Қазақстан - қалыптасқан мемлекет. Біз мемлекет құрудың жаңа белесіне шықтық. Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қоғам дамуының жаңа белесіндегі басты сұрақтарға, атап айтқанда, біз қайда барамыз және 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап береді», - деген Марат Мұхамбетқазыұлы, мәселе ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау туралы болып отырғанына назар аударды.

Мемлекет басшысы «Бүкілқазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналуға тиіс» деп баса көрсетіп отыр. Мәселенің бұлайша қойылысы біздің назарымызды ұлттық тарихты зерттеу мәселелеріне объективті түрде шоғырландырады.

Баяндамада ғылымның рөлі өзгергені қадап көрсетілді. Тарих ғылымына феноменология мен герменевтика әдістерінің енуі тарихи зерттеулердің сипатының өзін едәуір өзгертіп жіберді. Ендігі жерде тарихшы фактілерді тізбелеп, суреттеп отырушы, оқиғаларды тек «тіркеуші» емес. Ендігі жерде тарихшы «пайымдаушыға» - зерттелетін уақыттың ішкі мағынасына ой жіберетін ғалымға, фактілерді жай зерттеп қана қоймайтын, нақты қоғамның құндылықтарын, жөн-жосықтарын, моралін «түсінуге» қол жеткізетін ғалымға айналуға тиіс.

«Біздің тарихнамамыз өзінің әдістемелік және тілдік құралын қатты өзгертуге тиіс. Қазақстанның тарих ғылымының алдында нақты сынақ тұр, ол сынақтың жауабын табуға әбден-ақ болады», - деген Мемлекеттік хатшы ұлттық тарих мәселелерімен талайдан және нақтылы айналысып жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынғанын жеткізді.

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ретінде Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында сапалық секірісті жүзеге асыруына жағдай жасауды; қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыруды; Қазақстанның жаңа тарихының жиырма жылының мәнін пайымдауды айтуға болады.

Тарихқа арқа сүйемесе болашақ бұлдыр. Планетада мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде тарихи жадыны сақтап қалу - жалпы өзіңді өзің сақтап қалудың жалғыз жолы.

Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Мемлекет

...

Скачать:   txt (15 Kb)   pdf (61.8 Kb)   docx (12.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club