Оқушыларға ыстық тамақ беруді ұйымдастыру
Автор: 87024373915 • Сентябрь 29, 2021 • Контрольная работа • 1,967 Слов (8 Страниц) • 318 Просмотры
Қамқоршылық кеңес отырысы
№3 ХАТТАМА
№163 мектеп
30.03.2021 жыл
Жиналысқа қатысушылар- 13
Қамқоршылық кеңес мүшелері -17
Күн тәртібіндегі мәселелер
1 Оқушыларға ыстық тамақ беруді ұйымдастыру .
2. Аз қамтылған отбасындағы балаларды ыстық тамақпен қамту
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кеңес төрағасы А.Накипов сөз алып, мектепте дәстүрлі оқып жатқан аз қамтылған немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы балаларға ыстық тамақ беру керектігін атап өтті .
Мектеп әлеуметтік педагогы Ұ.Таждинов сөз алып, 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2020 жыл 24 сәуірдегі №158 бұйрығын басшылыққа ала отырып , жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жәңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес 52 оқушыны тегін ыстық тамақпен қамтамтуға ұсынды . Жалпы мектеп бойынша атулы әлеуметтік көмек алатын 145 оқушы , атаулы көиек алмайтын аз қамтылған 38 оқушы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 2 оқушы, барлығы 185 оқушы ыстық тамақпен қамтылатынын атап өтті.
Екінші мәселе бойынша Ұ.Таждинов мәлімдеме жасады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жыл 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес мектепте тамақ ішетіндер арасында 38 оқушы АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар санатына жатады .Осы оқушылардың ата-аналары бір мезгіл тегін тамақ ішу үшін өтініш берді..Ата-аналардың өтініштері онлайн түрінде sitcen сайтымен қабылданып, білім бөлімі арқылы расталды.
Қамқоршылық кеңес мүшесі С. Сыздықов сөз алып, мектеп асханасына дезинфекция жасау және санитарлық талаптарды күнделікті қадағалап отыру керектігін айтып өтті .
...