Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқушыларға кәсіптік бағдар берудегі үйірмелердің ролі

Автор:   •  Сентябрь 16, 2018  •  Лекция  •  1,052 Слов (5 Страниц)  •  967 Просмотры

Страница 1 из 5

Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде мектеп үйірмелерінің рөлі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» мәселесі аталып көрсетілген [1]. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.

Әрбір оқушының сана-сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, әртүрлі мамандықтардың ерекшелік сипаттарына қабілеттері бірдей бола бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі - тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты.

Мектеп – оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Ал мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, технологияпәнінің оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым болып саналады.

Мектепте оқушылардың кәсіптік деңгейін шыңдауда үйірмелердің атқарар рөлі зор. Біздің мектебімізде шығармашылық, дарындылық қабілетін арттыру мақсатында құрылған бірнеше қоғамдық үйірмелер мен клубтар, бірлестіктер бар. «Жас географ», «Жас биолог», «Жас физик», «Жас математик», «Жас информатик», «Жас тілші», «Қылқалам шебері», «Жас шекарашы», «Шебер қолдар», «Жас домбырашы» сияқты үйірмелері мен «Экоклуб», «Жас өркен» ұл балалар, «Қызғалдақ» қыз балалар клубтары, т.б. жұмыс жасап келеді. Мұндай үйірме мен клубтардың ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстары - оқушы қабілеті мен дарынын ұштаудың негізгі алаңы. Оқушылардың дарынын дамыту олардың қабілеттілігін ғана арттырмайды, болашақ өмірге дайындап, мамандық таңдауына да әсер етеді. Оқушының шығармашылығын арттыруда балалармен жеке жұмыстың да маңызы ерекше. Мектептен-ақ оқушылар өнер, кәсіп түрлерінен, зияткерлік және интеллектуалдық тұрғыдан ақыл-ойы мен қабілеті жағынан ерекшеленіп тұрады. Олармен жұмыстың нәтижесі қоғам мен мемлекетке, Отанымыздың болашағына өлшеусіз пайда әкеледі. Балалар сурет салады, ән айтады, мүсін салады, аспапта ойнайды, белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады. Мектеп мұғалімі осы қабілеттілікті жүйелі дамытып отырмаса, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды[1].

Мектебімізде сонымен қатар дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу практикалық тұрғыда негізінен төрт бағытта ұйымдастырылған. Олар - интелектуалдық, спорттық, өзін-өзі басқарушылық, көркемөнерпаздық. Интеллектуалдық бағыт бойынша тоқталатын болсақ, ақыл-ой, тіл, интелектілік жағынан дарындылармен жұмыс оқушыларды ойлауға, есте сақтау қабілеттерін арттыруға, сөйлеу өнеріне, ғылыми тұрғыда ізденуге, жадын дамытуға, пікір таласып ойталқыға түсуге, көркем сөйлеуге үйретеді. Осы негізде Оқушылардың республикалық олипиадасының облыстық кезеңінде төрт дарынды оқушымыз жүлдегер атанды. Қазақстан Республикасының ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ассоциациясы ұйымдастырған «Ағылшын тілін оқыту мен үйренуді үштілде білім беруге енгізу» атты халықаралық конференцияға бес оқушымыз қатысып «Алғыс хатқа» ие болды. «Астанамды ардақтап, Мақтаралмен мақтанам» атты жас ақындар жыр мүшайрасында бір оқушымыз 2-орын алды.

Спортпен шұғылдану – салауатты өмір салтын ұстанудың маңызды бағыты. Бұл бағытта мектебімізде футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, ұлттық ойындар сияқты спорт түрлерінен сайыстар мен жарыстар, сыныптан тыс шаралар өткізіліп тұрады. Осы бағыт бойынша оқушыларымыз облыстық деңгейден көрініп,

...

Скачать:   txt (16.1 Kb)   pdf (50.4 Kb)   docx (14.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club