Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ЕББҚ бар оқушылар

Автор:   •  Декабрь 10, 2021  •  Лекция  •  470 Слов (2 Страниц)  •  1,141 Просмотры

Страница 1 из 2

Тақырып 5. ЕББҚ бар оқушылар.

Тапсырма: ұсынылған жағдайды зерттеу. Оқушы ісіндегі қиындықтардың көріністері мен себептерін, оның күшті жақтарын, қызығушылықтары мен әуестіктерін, «сипаттамада» берілген психологиялық ерекшеліктерін талдай отырып, оқушының негізгі қажеттіліктерінің тізімін анықтауға болады.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық (қысқаша): осы оқушының қандай ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтауға тырысыңыз. Тізімді пайдаланыңыз:

1.Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының өзгеруі.

2. Арнайы және / немесе балама оқыту әдістерін қолдану. оқу материалдарын дайындау.

3. Оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту (оқушының жетістіктері).

4.Оқулықтарды, оқу құралдарын таңдау, жеке оқу материалдарын дайындау.

5. Арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау кабинетінде жекелеген оқу пәндері бойынша оқыту.

Қазіргі уақытта оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларға арналған негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген. Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру қамтамасыз етіледі. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.

Сабақтар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жеке ықпалды қолдану арқылы жүргізіледі. Инклюзивті білім беру үрдісінің толыққанды іске асырылуы жағдайында оқу сапасын барынша сақтау үшін жекелеп, саралап оқыту тетіктерін қарастыру қажет. Оның бірден бір жолы – инклюзивті білім беру үрдісінде психологиялық сүйемелдеу рөлін арттыру. Бұл – білім беру сапасының жақсаруына жетелейтін маңызды фактор.

Білім беру сапасы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының қатарына жатады. ҚР «Білім туралы» Заңында білім беру сапасын бақылау білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру жолымен қамтамасыз етілетіні анықталған.

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (72.9 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club