Балалар ұжымы тәрбиенің субъектісі және объектісі
Автор: nurraiym • Март 4, 2022 • Реферат • 837 Слов (4 Страниц) • 1,045 Просмотры
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.
РЕФЕРАТ
Тақырып: Балалар ұжымы тәрбиенің субъектісі және объектісі. |
Орындаған:Қуаналы Н.
Группа:ПМНО 20-3
Тексерген:Орынбасарқызы Ж
2021,желтоқсан
Жоспары:
1)Ұжымға анықтама.Балалар ұжымының мәні неде?
2)Балалар ұжымының балаларға беретін пайдасы.
3)Педагогтың балалар ұжымындағы міндеті.
Қорытынды
Латын сөзі «коллективус» — топ, жиналыс, бірлестік, ұжым, т.б. болып аударылады. Ұжым дегеніміз бір топ адамдар. Бірақ кез келген топ ұжым бола алама? Қазіргі әдебиетте «ұжым» деген сөздің екі мағыналы ұғымы бар. Бірінші ұжым дегеніміз кез келген ұйымдасқан адамдар тобы, екінші: ұжым дегеніміз жоғары деңгейдегі ұйымдасқан топ.
Педагогика теориясында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар жалпы ұжым проблемасын жан-жақты қарастырып, ұжым ұғымына бірнеше анықтама береді. Мәселен, Г.И. Щукина: ұжым дегеніміз бірыңғай қоғамдық мақсаты бар, мақсатты орындау барысында барлығының өзара байланысты, жауапты міндеттері, тапсырмалары бар, өздерінің ұжымдық органы бар, басқа ұйымдармен тығыз байланысы бар балалардың біріккен тобы – деп түсіндіреді.
Ал, Т.А. Ильина: «Ұжым – арнайы мақсатқа бағытталған, іс әрекет негізінде ұйымдасқан адамдар бірлестігінің формасы екенін көрсетеді. Б.К.Бабанский: «қоғамдық мәні бар, ортақ мақсаттар негізінде жалпы маңызды бағыттарға байланысты қарым-қатынас жасайтын адамдардың әлеуметтік бірлестігі – ұжым деген ұғымды қамтиды дейді.
Ұжымның негізгі белгілері мыналар:
Жалпы әлеуметтік мағыналы мақсат.
Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсатпен бірлесе жүреді, мемлекет конституциясына заңына қайшы келмейді.
Жалпы біріккен іс-әрекет
Әрбір ұжым мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысады.
Жауапкершілікке байланысты қарым-қатынас
Ұжым мүшелері арасында ерекше қарым-қатынас қалыптасады, олардың мақсат мүддесі және іс-әрекеттері көрініс береді.
Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдіру-дің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы,оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.
...