Ойын оқыту тәрбиесі
Автор: ainura_2900 • Март 30, 2019 • Курсовая работа • 6,496 Слов (26 Страниц) • 936 Просмотры
АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
Шығармашылық бөлім
Педагогика, психология және
жеке әдістемелер кафедрасы
Курстық жұмыс
ОЙЫН – ОҚЫТУ ӘДІСІ
Мамандық: «Негізгі орта білім беру»
Студент: А. Акпарова
Тобы:4ая
Ғылыми жетекші:Г. Тулемисова
2018-2019 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I ТАРАУ
ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ ТЕОРИЛЯҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Оқыту әдсінің мәні мен бөліну ерекшеліктері...........................................6
- Оқыту әдісінің жаңа міндеттері.................................................................12
- Оқыту әдістерінің қолданылу жолдары....................................................18
II ТАРАУ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ОЙЫН ІС – ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
2.1. Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс – әрекетің қалыптастыру құралы...........................................................................................27
2.2. «Ойын технологиясы» тәрбие жұмысында..................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................41
КІРІСПЕ
Зерттеу жұсмысының өзектілігі. Қәзіргі кезде жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қолданылатын тәрбие әдістерінің ерекшеліктерінің мағынасын ажырату. Бұл жөнінде ой-пікірлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделі үдерістерді талдау, тәрбиенің қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы рөлін айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қолданылып қалғаның ешкім де жоққа шығара алмайды. Жалпылама дүниетанымдармен қатар жоғалып келгеннемесе бұрын күштеу нәтижесінде айрылған аса маңызды қасиеттердің орнын толтыруда адамның рухани мәдениетінің негізін қалау тек мектепте тәрбие әдістеріне түрлендіру арқылы ғана жүзеге асырылады.
Озық педагогикалық ғылымға, адамтануға тығыз байланысты ұлттық, демографиялық, этнопсихологиялық, әлеуметтік, мәдени және өзге де факторларды мұқият ескере отырып, бала тәрбиесін дамытудың жаңа көзқарастырын жасайтын уақыт жетті. Бұл жерде әңгіме педагогиканың өзіндік ерекшеліктері ескерілуі тиіс, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық жұмыстың нақты ˝тәрбиелік-технологиялық˝ бағдарламасы жөнінде болып отыр.
Бұл проблемаларды шешу жолдарын іздестірудің рухани негізі мен оының болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін зерттеуде, сондай-ақ мектеп тәрбиесін жетілдіруде педагогикалық шарттарды жүзеге асырып жатыр.
Бастауыш сынып балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Бастауыш сыныпта адамгершілік тәрбие тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жаңашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны.
...