Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сюжеттік рөлді ойынның тәрбиелік мәні

Автор:   •  Март 6, 2018  •  Реферат  •  6,418 Слов (26 Страниц)  •  1,659 Просмотры

Страница 1 из 26

Мазмұны.

1.Кіріспе.........................................................................................................3 - 4

1.1 Сюжеттік рөлді ойынның тәрбиелік мәні...........................................5 - 7

1.2 Сюжеттік рөлді ойынның кезеңдері....................................................8 - 13

2.2. Күтілетін нәтижелер....................................................................................

2.Жобаның негізгі мазмұны.............................................................................

2.1 Мектепалды даярлық тобында өткізілетін сюжетті рөлді ойынның түрлері мен мазмұны...........................................................................14 - 18

2.2.Сюжетті рөлді ойынды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері..............................................19-27

3.Қорытынды.........................................................................................28 - 29

Глоссарий...............................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................32

Кіріспе.

Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз,музыкасыз,творчествосыз,фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды.

В.М. Сухомлинский .

Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.

Әлемдік білім кеңестігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім беру жаңаша жетілетін әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда.

Баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүние-танымын жетілдіру, сөздік қоры мен сөйлеу тілін, ой өрісін дамытып, еңбекке баулу – балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ басты міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балаларды ауызекі сөйлеуге үйретіп, олардың ой өрісін кеңейтудің негізі –айналадағы орта мен табиғат құбылыстарын бақылату. Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Байланысты сөз ойға мағына беріп, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара түсінісуін қамтамасыз етеді. Сөйлеу қызметі ойдың дамуымен қатар өрбиді. Екіден үш жасқа дейінгі балалармен өтілетін сабақтар түрлі көрнекіліктер мен дидактикалық ойын әдісіне негізделеді.

Ойын - балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқандай мотивсіз, яғни қызығушылықсыз болуы мүмкін емес.Дегенмен, сабақ барысында балалардың қызығушылығын ояту оңай емес. Сондықтан біз оқу үдерісінде балалар өздігінен сөйлейтіндей жағдай тудыруымыз керек. Психологтардың көпшілігі балалар не айтқысы келеді, соны айтсын деген тезисті қолдап отыр. Осы мақсатта оқиғалы рөлді ойындарды қолдану – мектепалды даярлық тобында тіл дамытудағы ең жақсы амалдардың бірі.

Мақсаты:

Балалардың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Рөлді ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мақал-мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды, халқымыздың асыл-маржанын меңгереді.

Міндеттері:

1. Сюжеттік рөлді ойындарды қолдануды теориялық тұрғыдан қарастыру

...

Скачать:   txt (92.4 Kb)   pdf (113.6 Kb)   docx (41.3 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club