Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Эмбриология негіздері элективті курсын оқыту әдістемесі

Автор:   •  Март 24, 2018  •  Курсовая работа  •  5,160 Слов (21 Страниц)  •  1,008 Просмотры

Страница 1 из 21

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану факультеті

«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы

Курстық жұмыс

БИОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ «ЭМБРИОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ» ЭЛЕКТИВТІ КУРСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

мамандығы: 5М072900- Құрылыс

(ғылыми-педагогикалық бағыт)

Магистрант            Даникерова А.А.________________                  

 (қолы) (инициалы, тегі)

Ғылыми жетекшісі,

Техника ғылымдарының докторы       Абдраманова Г.Б.___________________

                                                                 (қолы)(инициалы, тегі)

Қызылорда, 2017 ж.

Мазмұны:

Кіріспе  3

1. «Эмбриология» курсы

1.1. Пәннің қысқаша мазмұны

1.2. Пәннің мақсаты мен міндеті. Зерттеу әдістері

2. Эмбриология көне дәуір және орта ғасырлар кезеңі тарихы

2.1. 19-20 ғасырлар эмбриология тарихы

Қорытынды

Пайдаланылған көздер тізімі

                                                      Кіріспе

 

       Қазіргі кезде адамзаттың оқу-тәрбие үдерістеріне қатысты жинаған ақпараттың молайған кезеңінде практик мұғалімдердің, әсіресе жоғарғы сыныптарда сабақ оқытуда тек таза пәндік білім ғана беріп қоймауы керек. Студенттерді өз беттерімен білім игеруге, өздігінен ізденуге, яғни білімге деген ішкі күштерін, құштарлықтарын (мотивация) ұстаз тарапынан жандандыру қажет.

Осы тұрғыда оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі технологияларына, дәстүрден тыс белсенді оқыту әдіс-тәсілдеріне ерекше маңыз беріледі. Соның есебінен әрбір студенттің өз мүмкіндіктері мен икем дағдыларына қарай білім игеруге деген қажеттілігін  бұрыннан жанақталған педагогикалық теория мен практика жетістіктеріне сүйене отырып берген орынды [1].    

Қазіргі білім беру жүйесіндегі жүріп жатқан интеграциялық үдерістер педагогикалық үдеріске заманауи технологияларды және белсенді оқыту әдістері мен технологияларын қолдануды өзектендіре түседі. Интеграция – «жалпы алғанда мәдениетке және білім беруге тән оқушы санасын дамытуға жеткізетін ақпараттармен, біліммен жұмыс жасау тәсілі» [2].    

Сондықтан, осы айтылғандарды негізге ала отырып, эмбриология курсының  мазмұнын қалыптастыру мен құрастыру өзекті.

Эмбриология курсының мазмұнын құрастыруда басшылыққа алынатын  дидактикалық ұстанымдардың ішінде ең бастылары: ғылымилығы, іргелілік, жүйелілік, тиімділік, пәнаралық байланыстылық, кәсіби бағыттылық, студенттердің өзбетінше білім алуына бағдарланған оқу үдерісі, кіріктірушілік және т.б. «Эмбриология» пәнінің оқу бағдарламасы білімдер жүйесі мен әрекеттер жүйесін кіріктіреді. Бағдарламаның мазмұны мен құрылымын анықтауда қазіргі білім берудегі жалпыға ортақ идея: оқыту үдерісінің ғылымның даму логикасына, сондай ақ онда шешуші болып табылатын таным әдістеріне сәйкестігі [3] ескеріледі. Осыған байланысты эмбриология оқу курсы ғылыми танымның кешенді әдістерін пайдалана отырып, барлық жаңа практикалық міндеттерді шешудің өзіне тән тізбегін құрайды. Курстың оқу материалдары эмбриология ғылымының даму логикасынан  жеке іргелі теориялардың пайда болуы логикасына қарай, одан әрі осы теорияларды  эмбриологиялық құбылыстар мен үдерістерді түсіндіру үшін оқыту мен пайдалану логикасына қарай дамыту ұстанымына сәйкес құрылымдалады.

Эмбриология курсы бойынша материалды осылайша құрылымдау мектептегі жалпы биология курсында да қабылданған, сондықтан болашақ биология пәні мұғалімдерін осы мазмұнда оқыту  тек іргелілік ұстанымын ғана емес, сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағыттылығы ұстынымын да іске асырады.

                            1. «Эмбриология» курсы

Эмбриология биология ғылымының - жыныс клеткаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын, ұрықтануды, ұрықтың пайда болуын және оның эмбрионалдық дамуының негізгі кезеңдерін зерттейтін [4] маңызды саласы. Сонымен қатар, кәсіби педагогикалық білім беру жүйесіндегі арнайы пәндердің бірі болып табылады. Сондықтан, осы курстың мазмұнын қалыптастыру мен құрастыру өзекті.

...

Скачать:   txt (72.4 Kb)   pdf (434.4 Kb)   docx (57.9 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club