Қорқыт ата афоризмдері
Автор: roza97nurbek • Март 16, 2018 • Научная работа • 9,202 Слов (37 Страниц) • 1,425 Просмотры
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
Ғылыми жұмыстың тақырыбы:
«Қорқыт ата афоризмдері»
Орындаған:Қарағанды «Болашақ»
маңызды білім беру колледжінің
БМ-15-3(11) тобының
ІІ-курс студенттері
Тойлатқызы Роза
Тлеубай Жансая
Ғылыми жетекшісі:
Балалар әдебиеті және оқыту
пәнінің мұғалімі
Мұхаев І.Д.
2015 жыл
Мазмұны
І.Теориялық бөлім
1.1 Қорқыт ата туралы жалпы мәлімет.
1.2 Қорқыт ата туралы аңыз.
1.3 Қорқыт ата кітабы.Қорқыт атаның күйлері
1.4 Қорқыт ата ескерткіші.Қорқыт ата мазары
1.5 Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті
1.6 Қорқыт ата туралы Мағжан Жұмабаевтың ойы
ІІ.Практикалық бөлім
2.1.Афоризм сөзіне түсінік
2.2.Қорқыт ата нақыл сөздерінің терең ойы
2.3.Қорқыт атаның нақыл сөзі туралы айтқан ұлының сөзі
2.4.Қорқыт ата атам заман кезіндегі ұлылардың ойлары.Қорқыт (Дада) және оның нақыл сөздері
2.5. Қорқыт атаның нақыл сөздерінің тағылымы және идеялық мәні.
ІІІ.Қорытынды
[pic 1]
Қорқыт ата-Сыр бойындағы Жанкент қаласында (қазіргі Қызылорда облысы)дүниеге келген.Ол-қобыз атасы,күйші,жыршы,қазақтың алғашқы ақыны.Оғыз тайпасынан шыққан.Оғыздардың ақылшысы,данышпан сәуегейі болған.Өмірі жайлы нақты деректер жоқ.Ол туралы көптеген аңыздар жеткен.
1980 жылы Қызылорда облысы ,Қармақшы стансасынан 18 км жерде,Қорқыт разьезінің түбінде Қорқыт атаға ескерткіш орнатылды.
Қорқыт жиырма жасымда көрген түсінде ақ киімді кісі оған: « Қырықтан артық өмір сүрмейсің»,-дейді.Содан желмаяға мініп алып өлмейтін жер іздеп шығады.(Қазақта желмаяға мініп,жайлы жер іздегендер:Қорқыт ата мен Асан қайғы.) Қорқыт жолда қазылған көрді кездестіреді. «Бұл не?» -деп сұраса, «Қорқыттың көрі»,- деген жауап естиді.Қайда барса,алдынан қазылған көр шығады.Жан сақтауға жер қалмаған соң,Сырға кілем төсеп,қобызын тартып отырады.
Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин“Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баятекендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе,Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 –8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақұлысынан шыққан айтулы бақсы,(Абыз (адам)|абыз]]. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз.Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.
...