Бала тұлғасының дамуы және оның тәрбиесі
Автор: fquthbv • Апрель 4, 2018 • Курсовая работа • 20,489 Слов (82 Страниц) • 1,221 Просмотры
Кіріспе
- Отбасы тәрбиесінің қазаққа тән айрықша құбылысы..........................
- Рухани байлық ұлттық тәрбие берудің арқауы.............................
- Бастауыш сыныпта тәрбиенің басты рөлі.....................................
- Бастауыш сыныпта мектеп пен жанұяның өмірімен байланысы.....
- Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері.......................................................
- Бастауыш сынып мұғалімнің рөлі.....................................................
- Оқушының сабақтағытәрбиенің мәні..............................................
- Оқушының үй жұмысына ата-ананың көмегі..................................
- Бала тұлғасының дамуы және оның тәрбиесі..........................................
- Оқушының танымдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы тәрбиелеу................................................................................................
- Жасөспірім кезіндегі психологиялық ауытқушылық түрлері...........
- Оқушыларды тәрбиелеудегі отбасымен мектеп тәрбиесі.........
Қорытынды .......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................
Қосымшалар
1.Отбасы тәрбиесінің қазаққа тән айрықша құбылысы
1.1 Рухани байлық ұлттық тәрбие берудің арқауы.
Қазақ –ежелден шешен халық. Халықтың өзіндік тіршілік тынысы бар. Мысалы,ел ішіндегі түрлі мәмлігерлік мәселелер, олардышешіп, реттеп отырудың қарапайым халықтық тәсілдері айрықша. Дәстүрлі шешендік өнердің дами түсуіне әсер еткен жәйттердің бірі осы болса керек. Бұл өзге халықтардың салт-дәстүрлерінде кездесе қоймайтың, қазақ халқының өзіне ғана тәнайрықша құбылыс деп бағалауға тиістіміз. Халық алдыңда талқыланатын дау-жанжал, билік-бітім сөздері қазақ билерінен шешендікті, ойдың жүйріктілігін талап еткен. Мұндай сын сәттерде ел басқарған билеріміз бен хандарымыз халықтың салт-санасын, әдет-ғұрпын жетік білетіндігін көрсетуі керек болған. Халық көп жиналатын астар мен тойларда, жәрменке-жиындарда сан алуан дауларда қаралып отырған. Ауылдағы ойын-сауықтарада, мәслихат-жиындарда, жай отырыстарда да көпті көрген қарттар үлгілі сөз айтып отыратын салт болған. Бұл үрдіс ел арасында қазір де жалғасын тауып келеді. Халық даналығының жас ұрпақты тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулуда тәрбиелік мәні ұша-теңіз. Осы маңызы зор мәселені алғаш дұрыс түсінген ағартушы-ғалым Ы. Алтынсарин. Ғалымның «Христоматиясына» тұңғыш рет енген тапқырлық шешендік сөздер соның айқын дәлелі. Айталық , «Жәнібек батыр» әнгімесінде ел кезіп,көнекөз қариялардан бата алып өскен Қаракерей Сары Абыз «Алдына келсе әділдігінді аяма- аямағың кетпес алдыңнан. Жолдастың мыңын алма, бірін ал, бір кісі мың кісіге олжа салатұғын. Олжанды аямасаң жолдасын қалмас жаныңнан » дейді. Кіші жүздің тоқсанға келген Тойжан биі «өгізді ерге салма- қанатың талар, Жаманға жүзінді салма-сағың сыңар деген өсиет айтады. Ел билеген Жәнібек бидің өмірін жас ұрпаққа үлгі етеді.Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зерттеулердің бірі - М. Әуезов . отызыншы жылдары шешендік сөздерді жинау, зерттеу ісінің басында Сәкен Сейфуллин болды. Ол өз еңбегінде шешендік сөздерді дербес жанр ретінде қарады. Өскелен жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің қайнар көзі, өнегеліктің тамаша үлгісі –қазақ халқының шешендік сөздерін бата тілектен бастауға болар еді. Одан соң өнегелі өсиет сөздерді , жер -дауы – ер құны секілді дау-талап , келіссөзді қамту қажет. Қазақ халқында жерге, елге, малға айтылатын пәлсапаға толы шешендік өнердің алуан түрі бар. Асан қайғының «он жылда бес саулық мыңға, бес қара жүзге жететің жердің құты екен , әттең аттың сауырына сыймайда-ау, артыма сала кетер едім » деп жерге, «Жалқұйрығы қанат екен , төрт аяғы болат екен , айдаса жаудікі екен , ысқырса желдікі екен» деп жылқыға айтқан сөздері шешендіктің үлгісі. Шешендік сөздерді атадан бала қайталап отырған . Бұл халық басынан кешірген алуан түрлі оқиғалардың нәтижесінде туған келелі ойдың қорытындысы,тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Жас қрпаққа арналған қазақтың шешендік арнауы,нақыл сөздерінің мән-мағынасы терең мәселе.
...