Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ыбырай Алтынсариннің шығармаларындағы еңбек тәрбиесі туралы ой – пікірлерін бастауыш сыныптың оқыту үрдісінде қолданудың жолдары

Автор:   •  Июнь 7, 2023  •  Курсовая работа  •  9,112 Слов (37 Страниц)  •  306 Просмотры

Страница 1 из 37

МАЗМҰНЫ

І.КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3

І-тарау.Ы.Алтынсарин еңбектерінің ғылыми  педагогикалық  негіздері

1.1 Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттелу жайы................................... 4

1.2 Ы.Алтынсариннің педагогикалық – психологиялық көзқарастары..... 7

II-ТАРАУ. Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ  ОЙ -ПІКІРЛЕРІН  ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ  ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ.

2.1.Ы.Алтынсарин шығармаларындағы еңбекті сүюге тәрбиелеу тақырыбы.........................................................................................................        13

2.2.Ауыз әдебиеті шығармаларын тәрбие мақсатында пайдаланудың жолдары............................................................................................................        19

2.3 Ы.Алтынсариннің еңбек тәрбиесі туралы ой – пікірлерін оқу- тәрбие  үрдісінде қолдану әдістемесін эксперимент арқылы тексеру.....................        21

III. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

ІV.ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................30

V.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................        31

КІРІСПЕ

        Зерттеудің өзектілігі:  Еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Қоғамымызда болып жатқан саяси - әлеуметтік, экономикалық  жағдайда қазақ халқының тарихи дамуына байланысты балаларды, яғни болашақ жастарды ұлттық озық дәстүр , еңбектену негізінде тәрбиелеуге мүмкіндік туғызып отыр.

        Кезінде қазақ халқының болашақ тағдыры орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай сияқты ағартушы – демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел – жұрттың көрші елдің өнер – білімін игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі жүзеге асыруға  да өлшеусіз үлес қосты.

        Аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, жалынды публицист , көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағының мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бірсыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.

        Ыбырай Алтынсаринді жаңашыл педагог – ағартушы  ретінде және белгілі қоғам қайраткері ретінде танып, оның шығармаларын жаңаша тұрғыда талдаған Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Асқар Тоқмағамбетов және тағы басқа ғалымдар еңбектерінің мазмұны мен мақсатын, идеясын ашып көрсетті, ал педагогикалық, ағартушылық қызметін Ә.С.Сыдықов  зерттеген, ал әдеби шығармаларына талдау жасап монография жазған белгілі әдебиет зерттеушісі Ә.Дербісалин  болды. Біздің тілімізге тиек болып отырған еңбекке баулу мәселелеріне деректі зерттеулер жүргізген ғалымдар С.Мусин мен Ш.Имашев.

        Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі, биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазір  де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңды  да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән – маңызы мен қадір – қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай дәл осындай ,  үркердей санаулы саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер – білімді , мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Осы тұрғыдан келгенде, Ыбырай Алтынсариннің  еңбек тәрбиесі туралы ой – пікірлерінің қазіргі кезде де  өзінің құндыолығын жоймағанын байқаймыз. Оқыту және тәрбиелеу үрдісінде өзіндік орны бар. Сол себептен әдістемелік тұрғыдан зерттеу осы жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

...

Скачать:   txt (115.2 Kb)   pdf (313.6 Kb)   docx (245.2 Kb)  
Продолжить читать еще 36 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club