Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Синтаксисті оқыту

Автор:   •  Январь 10, 2018  •  Курсовая работа  •  7,164 Слов (29 Страниц)  •  2,395 Просмотры

Страница 1 из 29

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы

«М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Синтаксисті оқыту»

Орындаған:Кабиева А .

403 «Ә» топ білім алушысы

Мамандық: 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

Ғылыми жетекші: Жазыбаева Э. У.

Семей 2014 – 2015

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.........................................................................................................3-4

І. СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Сөз тіркесі синтаксисін оқытудың теориялық негізі..........................5-10

1.2.Жай және құрмалас сөйлемдерді оқыту............................................11-12

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

2.1. Қазақ тілі сабағын халықтық педагогикамен ұштастыру...............13-15

2.2. Ойын түрлері оқушыларды ізденуге үйретеді.................................16-17

ІІІ. ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ.............................................................18-25

ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................26-28

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................29

Жұмыстың өзектілігі: Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәстүрдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселелердің бірі – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. А. Байтұрсынұлы: «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы.  Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алады. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім, ұстаз екені баршаға мәлім» /5,12/

Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсатынан тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтілік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.

Қазақ тілінің практикалық мақсаты – орфографиялық, пунктуациялық дағды мен іскерлікті қалыптастыру, әдеби тілдің нормаларымен таныстыру, өз ойын жүйелі де дұрыс жеткізуге тәрбиелеу. Пәннің осы мақсаттарына жетіп, өз дәрежесінде өтуі оны оқыту әдістемесімен тікілей байланысты. Алайда «методика» - дайын рецепт емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба» /1, 12  / дегенімізбен, пәнді оқытуда оның атқаратын рөлі зор. Өйткені  «методика» - мектепте оқытылатын тілдік материалдарды практика жүзінде оқушыларға саналы түсіндіріп, меңгертудің бірден-бір дұрыс жолын үйрететін және оны зерттеп, тексеретін дидиактикалық маңызы зор ғылым» /2, 22  /, «мектепте оқылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым», «пәндә терең меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдердің жүйесі», «оқытудың мазмұны, принциптері, әдіс-тәсілдері, мектепте оқушылардың білімі мен дағдыларының қалыптасу жолдары мен жағдайлары туралы ғылым».

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі  объектісі – қазақ тілін  оқыту процесі. Оқыту процесі: оқытудың мазмұны, яғни оқушылардың меңгеретін тілдік материалдарды, оқу процесін ұйымдастыру, материалдарды жеткізудегі мұғалімнің іс-әрекеті, оқытудың нәтижесі сияқты ұғымдарды қамтиды. Осыған орай, қазақ тілін оқыту әдістемесі мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты мен міндеттерін, пән ретінде тәрбиелік, танымдық, практикалық маңызын, қазақ тілінен өтілетін  материалдардың мазмұнын, көлемін, өткізу формасын, оқушыға жеткізу жолын айқындайды.

Қазақ тілі сабақтарында ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалана отырып оқытуда оқушыларымыздың бойына адамгершілік қасиеттерін, ата-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сіңіре аламыз. ХІ ғасырдағы түркі ғалымы М.Қашқари «Тәрбие басы – тіл» десе, заманымыздың белгілі ақыны О. Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы –сөз» - дейді.

Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді деген ұлағатты сөзінде үлкен сыр жатыр. Тіл мамандарымыздың халқымыздың асыл мұраларын жете біліп қана қоймай, оны тәрбие құралы ретінде пайдалануы, әр адамның рухани қазынасын байытып, ұлттық сана сезімге нәр құюы деп түсінеміз.

...

Скачать:   txt (87.3 Kb)   pdf (281.5 Kb)   docx (47.9 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club