Мектепке дейінгі жастағы сөйлеу тілі бұзылған балаларға мнемотехника технологиясын қолдану тәсілдері арқылы түзету
Автор: Aitolkyn19961226 • Май 30, 2018 • Курсовая работа • 13,512 Слов (55 Страниц) • 1,891 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................
I МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін түзетудегі дыбыстарды қоюдың теориялық негіздері..............................................................
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың дыбыстарын қоюдағы жаттамақтар әдістемесінің ерекшеліктері ...................................................................................
1.3 Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке даярлауда мнемотехника технологиясының тиімділігі.....................................................................................
II. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫС ҚОЮДАҒЫ ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ САБАҚ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Логопедия сабағында жаттамақтар әдістемесін қолдану жұмыстарының тиімділігі ....................................................................................................................
2.2 Мектепке дейінгі жастағы сөйлеу тілі бұзылған балаларға мнемотехника технологиясын қолдану тәсілдері арқылы түзету. ................................................
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекетіміз қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік – медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, коррекциялық – білім беру мәселесін арттыру және бала мүгедектігінің алдын – алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер басымды міндеттер қатарына қойылған. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында дамушы ұрпақтың тәрбиесіне көңіл аударады [1]. Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады. Міне, осы заңдылыққа орай жас ұрпақтың тәрбиесін, білімін нәтижелі жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр, әсіресе бұл міндетті зияты зақымдалған балаларға қатысты шешу өзектілігі жоғарылап отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру, білім мазмұнын биік парасаттылыққа жеткізу мақсатында, сөйлеу тілінде күрделі бұзылымы бар мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу топтарында оқу-тәрбие жүйесін жан-жақты ойластыру мен оны жүзеге асырудың қажеттілігі маңызды. Мұндай балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері «Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы туралы Заңында» нақты көрсетіліп, жан-жақты зерттеулерді қажет ететін мәселелердің бірі ретінде анықталады.
Білім беру ошағының өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы ұлттық білім жүйесінің деңгейі мен даму бағытына тікелей байланысты. Білім беру үрдісіне адам мен қоғам дамуының қажеттіліктеріне байланысты ұзақ мерзімді толықтырулар енгізілуде. Осы тұрғыдан алып қарағанда мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін игеруі білім берудің негізгі талаптары болып отыр. Бұл саланың алғашқы буыны әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі арнаулы педагогиканың мәселелерін шешу, тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру мен үнемі жаңалыққа жол ашу бағыты ретінде қарастырылуда.
Танымдық белсенділік –жалпы белсенділік феноменінің маңызды саласы, оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады: қоршаған әлемді тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтік мақсатта ғана емес, сонымен қатар, адамның әлемге деген ең мәнді қарым-қатынасымен, яғни оның алуан түрлілігіне енуге ұмтылумен, санада мәнді жақтарын бейнелеуімен, себеп-салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтарымен түсіндіріледі.
Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Білімді белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама беріледі, оның құрамды белгілері бөлшектеніп, мазмұны мен көлемі анықталынады. Таным-белсенділігінің мәселесі –педагогикалық зерттеудің терең негізі екенін атап өту керек. Оның зерттелуіне маңызды үлес қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.А.Махмутов, Т.Ш.Шамова, Г.И.Щукина және т.б.
...