Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытудағы жобалау технологиясы

Автор:   •  Сентябрь 13, 2021  •  Научная работа  •  2,336 Слов (10 Страниц)  •  485 Просмотры

Страница 1 из 10

ӘОЖ 373.2

ҒТАХР 14.23.09

DОI

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

З.Е Жұмабаева

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

Г.Б.Түшіген

Г.Б.Түшіген

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының магистранты

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

                             

            Аннотация

Мақалада мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жобалау технологиясын жүзеге асыру үдерісі қарастырылған. Жалпы білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңыздылығы айтылған. Теориялық талдау негізінде зерттеу тақырыбы бойынша "жобалау технологиясы" және "шығармашылық" ұғымдарының негізгі анықтамалары беріледі. Жобалау технологиясының ерекшеліктерін және балабақшада ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда тәрбиешінің қолдану тиімділігі көрсетілген.

       

         Түйін сөздер: шығармашылық қабілет, мектеп жасына дейінгі бала, жобалау технологиясы, оқу қызметі, жоба, дамыту.

            Педагог алдында тұрған басты міндеттің бірі жан-жақты жетілген, рухани бай, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаның ең маңызды қасиеті – өмірдің кез келген қызмет саласында шығармашылыққа қабілеттілік. Ш.А.Амонашвили былай дейді: "Балаларға тек білім беріп қана қоймай, шығармашылықты жан-жақты дамытып, адамгершілік қасиеттері қалыптастырып, оларды еңбекке баулу қажет", - деп санайды [1, 296 б]. Дегенмен қазіргі жаһандану кезеңінде заман талабының өзгеруіне байланысты бала тәрбиесінде біршама өзгерістер орын алуда. Себебі, техника мен технологияның дамыған заманында баланың қызығушылығы еріксіз смартфондар мен гаджеттерге аударылуда.

          Бала тәрбиесі қай кезде болмасын өзекті болғандықтан ерте балалық шақтан, яғни мектеп жасына дейінгі кезеннен бастап баланың немен айналысатынына және қандай қызығушылықтары бар екендігін анықтап, сол арқылы жан-жақты шығармашыл тұлғаны қалыптастыра білуіміз қажет.

Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты,- білім беру мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың орнықты өсуі үшін  адами капиталды дамыту, - деп көрсетілген [2, 3 б.]. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін білім беруді дамыту, тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру қажет екенін  бүгінгі заман талабына сай білім парадигмалары айқындай түсуде. Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған “Білім туралы” заңында  “Білім беру жүйесінің басты міндеттері: 1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шындауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдай жасау; 2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой өрісін байыту”,-деп атап көрсетілген [3, 14 б.]. Осы міндетке сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірбиесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашылыққа бейім тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы жобалау технологиясын қолдана отырып оқу-қызметін ұйымдастыруды тәжірбиеге ендіріп кеңінен қолдануымыз қажет.

Мектепке дейінгі мекемеде балалардың балабақшадағы оқу-қызметін ұйымдастыру барысында тәрбиешінің біліктілігі маңызды. Әрбір тәрбиеші алдағы іс-әрекетіне жоба құруы, ол қандай мақсатта бағытталған және оның тиімділігі не? деген сұрақтар болуы мүмкін. Жобалау технологиясының ерекшелігі – баланың алдағы іс-әрекетін жобалай алуы. Балабақшаға қатысты жоба – бұл педагог арнайы ұйымдастырған тәрбиеленушілердің өз бетінше орындайтын, проблемалық жағдайды шешуге бағытталған және шығармашылық өнім жасаумен аяқталатын іс-әрекеттер кешені.

...

Скачать:   txt (33.2 Kb)   pdf (148.4 Kb)   docx (19.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club