Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектепке дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі

Автор:   •  Январь 24, 2022  •  Реферат  •  6,891 Слов (28 Страниц)  •  468 Просмотры

Страница 1 из 28

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Мектеп жасына дейінгі балалардың алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы – балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімделу, адамдармен қарым – қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым – қатынасы (үлкендермен, достарымен) ойын, балабақшадағы іс – әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Еңбек тәрбиесі баланың қоршаған дүние мен нақты заттарды танып, білуінің бірден – бір сенімді құралы. Демек, еңбек тәрбиесі балалар өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ ойын әрекеті үстінде басталып, кейін еңбек әрекетінде жалғасын табады.  Жас ұрпақты  еңбекке тәрбиелеу – маңызды педагогикалық процесс. Өйткені, болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қана қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқтауына, оның әсем де әдемі болуына назар аударту көзделеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қол еңбегі, құрастыру жұмыстары, пластилинмен, матамен жұмыс түрлері, қағазбен жапсырмалау түрлері арқылы балалардың шығармашылығын дамыту процесіне қарағанда маңызды болмаса одан кем емес. Мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек пәнінен қол өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады, сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа да психологиялық процестердің дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Мектепке дейінгі кезеңде еңбек әрекетінің негізі енді ғана қаланып келе жатқанымен, бала психикасын жан – жақты дамытуға маңызды әсері бар. Еңбек әрекетін орындау нәтижесінде қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды еріксіз бақылап, дүние туралы түсінігі кеңейіп, тәрбиешінің сөз жүзіндегі айтып, түсінік беруінің нәтижесінде ересек адамдарының қоғамдық еңбегінің мәні оның адамзат болашағы үшін қандай маңызының бар екенін түсінеді.

Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі  балалар

Зерттеудің пәні: еңбекке баулу

Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қол еңбегі арқылы шығармашылығын дамытудың жолдарын қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

  • Қол еңбегінің түрлерімен танысу;
  • Мектепке дейінгі балалардың қол еңбегі әрекеттері негізінде шығармашылықтарын дамытатын тәсілдерді қарастыру;
  • Балаларға арналған қол еңбегі әрекеттерін қарастыру;
  • Консрукторлар, табиғи заттармен жұмыс, қағазбен жұмыс түрлерімен танысу.

Зерттеудің ғылыми болжамы:  мектеп жасына дейінгі балалар әртүрлі қол еңбегі арқылы балалардың шығармашылығын дамытуда өз септігін тигізеді.

Зерттеудің құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады


1. Мектепке дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі

        Еңбек ету жұмысы – бұл да басқа сабақтар сияқты балалардың ерте дамуына қажетті, өте маңызды жұмыстардың бірі. Балаға сөйлеу қандай қажет болса, еңбек ете білу де сондай қажет. Бала өмірге келгеннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Осы еңбек арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. Еңбек барысында балалар жан – жақты дамиды. Ақыл-ой жағынан алсақ, балалар еңбек ететін құралдардың қасиеттерімен танысады, әр түрлі құралдармен жұмыс істеуге дағдылана бастайды. Еңбек қызметінде эстетикалық тәрбие де жүзеге асырылады. Балалардың қандай істі болсын ұқыпты орындап, өзінің қолға алғанын әдемі жасау іскерлігі қалыптасады. Еңбек үстінде балалар белсенділік, тапқырлық, қайсарлыққа, істеген ісінің нәтижесіне жетуге ынталық көрсетеді.
Адамгершілік тәрбиесін алсақ, мұнда олардың мінез-құлқында дербестік, жауапкершілік, өзін-өзі ұйымдастыру, мақсат қою, оны орындау қалыптасады.

...

Скачать:   txt (103.5 Kb)   pdf (232.2 Kb)   docx (39.6 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club