Күрделі сөздердің тәуелденуі, жіктелуі, септелуі
Автор: zhandarbekzarina • Сентябрь 21, 2021 • Реферат • 333 Слов (2 Страниц) • 1,308 Просмотры
Күрделі сөздердің тәуелденуі, жіктелуі, септелуі
Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді.
Күрделі сөздері- екі немесе одан да көп түбірден құралатын сөздер. Мысалы, әке-шеше, кара көк, Қосмұрын, т.б.
Күрделі сөздер сөйлемде бір сөз табына, бір сөйлем мүшесі болады.
Күрделі сөздер жасалу жолына карай төрт түрлі болады:
1)Біріккен сөздер-екі немес оданда көп түбір сөздің бірігуі. Мысалы, теміржол, үшбұрыш, т.б.
2)Қос сөздер- сөздердің қосарлануы немесе кайталануы арқылы жасалатын сөздер. Мысалы, ата-ана, әке-шеше, жан-жануар, бала-шаға,т.б.
3)Қысқарған сөздер- кейбір күрделі атаулар, мемлекет, ұйым аттары бірнеше сөздердің тіркестернен кұралып, кейде қысқартылып та қолданылатын сөздер. Мысалы, Америка Құрама Штаттары(АҚШ), ҚазМИ(Қазақтың медицина институты),т.б.
4) Тіркесті сөздер- екі немесе оданда көп сөздер тіркесіп бір мағына білдіретін сөздер.Мысалы, торғын ат, үш жүз, қара торы,т.б.
СЕПТЕЛУІ:
Тілімізде 7 септік жалғау бар.
Атау – кім? не?
Ілік – кімнің? ненің? –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.
Барыс – кімге? неге? қайда? –ға, -ге, -қа, -ке.
Табыс – кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.
Жатыс – кімде? неде? қайда? –да, -де, -та, -те.
Шығыс – кімнен? неден? қайдан? –нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.
Көмектес – кіммен? немен? –мен, -бен, -пен
Мысалы, әке-шеше
Атау септік әке-шеше
...