Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Компьютер - окушынын математиканы окып - бiлу iс-әрекетiнiн негiзгi бiр құралы

Автор:   •  Сентябрь 23, 2019  •  Статья  •  1,469 Слов (6 Страниц)  •  369 Просмотры

Страница 1 из 6

КОМПЬЮТЕР – ОҚУШЫНЫҢ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫП-БІЛУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БІР ҚҰРАЛЫ

Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті icкe асыруда негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер – бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ, әлі күнге дейін бiз осы зор құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз.

Жаңа ақпараттық технологияларды тиімді түрде пайдаланудың негізгі шарты – дербес компьютерлердің орны мен рөлін дұрыс анықтау болып табылады, ол информатика сабағында ғана қолданылумен шектелмеуі тиіс.

Компьютерді оқу үрдісінде қолдану проблемаларының ішінен екі бағытты бөліп алуға болады, олардың біріншісі - компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету, бұл жағдайда компьютер зерттеу объектісі болып табылады, екіншісі – компьютерді оқу құралы ретінде пайдалану.

Екінші бағыт шеңберінде компьютер оқыту құралдары жүйесінің белгілі бір компоненті деп есептеледі.

Оқытудың осындай құралдар жүйесі оқу әдістемелік әдебиет пен курсты программалық қамтамасыз ету жағынан оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) болып табылады. Мұнда ЖАТ пайдалану құралы болып табылатыны сөзсіз. И.В.Роберт атап өткендей, ОӘК компонеттерінің құраушыларының қатынасын және оның құрамын анықтау – келешектің ісі [1].

Математиканы оқып үйренуге арналған ОӘК –нің жобамен анықталған құралы 1- суретте көрсетілген.

Әдеттегі оқу құралдарын пайдаланудың қажеттілігі арнайы функцияларды қажет етеді, ал оны компьютердің мойнына жүктеу тиімсіз болады.

Мысалы, оқушылардың есінде сақтауға қажетті формулаларды, жүйеленген теориялық және анықтамалық мәліметтерді кестелер мен сызба түрінде ұсыну керек. Әрбір сабақта жүйелі түрде кестеде көрсетілген материалды оқушы жаттай береді. Компьютер бұл жағдайда тиімсіз болады. Егер анықтамалық материал қысқа мерзім ішінде пайдалануға қажет болса және есте сақтауды қажет етпесе, онда ақпараттық-іздестіру жүйесін қолданған дұрыс.

1 сурет – Математиканы оқып үйренуге арналған ОӘК-ң сызба нұсқасы

Компьютерді оқу үрдісінде қолдану мәселелерін қарастырғанда оның екі функцияны атқаратынын ескеру қажет, олар: оқыту іс-әрекетінің құралы және оқу құралы.

Егер компьютер оқу іс-әрекеті құралы ретінде пайдаланылатын болса, онда оның қызметтерінің басқа бір іс-әрекеттерден аз ғана айырмашылығы болады, яғни оқушының компьютермен іс-әрекеті «Компьютерді пайдаланушы» деген өзара әрекеттестік схемасынан аспайды.

Компьютерлердің адамдар іс-әрекетіндегі құрал ретіндегі және жаңа оқу құралы ретіндегі негізгі ерекшеліктері [2], [3], [4] еңбектерінде көрсетілген. Аталған еңбектерді талдау компьютердің келесі ерекшеліктерін атап көрсетуге мүмкіндік береді:

- көлемі шектелмеген ақпаратқа және оны аналитикалық түрде өңдеуге қол жеткізуді қамтамасыз етеді:

- адамның танымдық-зерттеу іс-әрекетінде әмбебап құрал ретінде пайдаланылады;

- психикалық іс-әрекет өнімдерін бекітудің жаңа белсенді формасын қамтамасыз етеді, білімнің жеке аспектілерін талдау сияқты түрлендірулерді дербес түрде автоматтандырады және оны толыққанды түрде орындайды, қолда бар мәліметтермен салыстырады, белгілі бір саланы жаңа ақпаратпен толықтырады, сонымен қатар, практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда пайдаланылады;

- әдеттегі жазбалардан кейінгі екінші саптағы мәні бар белгілі құрал болып табылады, оның көмегімен орындалатын іс- әрекеттің мазмұны бойынша жедел түрде ақпарат алмасуға болады;

- адамдар іс- әрекетіндегі қолданылатын саймандар мен құралдардың арасындағы байланыстарды орнату негізінде мағыналы заттық- бағыттық орта ретіндегі

...

Скачать:   txt (23.6 Kb)   pdf (61 Kb)   docx (14.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club