Жеке тұлға тәрбиенің обьектісі , субьектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы
Автор: Aseke01 • Октябрь 20, 2022 • Реферат • 1,722 Слов (7 Страниц) • 531 Просмотры
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Факультет : Дене шынықтыру және спорт
РЕФЕРАТ
Тақырыбы :
Жеке тұлға тәрбиенің обьектісі , субьектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы
Орындаған : 2-курс студенті Әнуарбек Нұрасыл
Тексерген : Педагогика кафедрасының оқытушысы Мусина Венера Тлетаевна
Қарағанды,2022 ж.
ЖОСПАР
- Кіріспе
1.1.Тұлғаны тәрбиелеудегі қазақ ойшылдарының пікірі
- Тұлға дамуындағы педагог , философтардың пікірлері
2.1.Тұлғаны дамытудағы қазақ ойшылдарының пікірі
2.2.Қазақтың аса көрнекті ағартушы – Ы.Алтынсарин
2.3. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
1.1Жеке тұлға деп отырғанымыз – қоғамда өзіндік орны бар және осы қоғамның мүшесі болып табылатын , белгілі бір ой санасына жауап бере алатын , өзінің істеген іс әрекетіне жауап бере алатын индивид .Тұлғаны тәрбиелеуде біздің педагог , ойшыл , әлеуметтанушы Әбу – Насыр Әл – Фараби айтқан ; «Адамға бірінші білім емес , тәрбие керек . Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен . Осы орайда біздің ата – бабаларымыз тәрбиенің орны бөлек екенін жақсы білген . Кез келген адам баласы ең бірінші анасының құрсағында дамиды . Бірінші балаңды тәрбиелеме , өзіңді тәрбиеле . Яғни баланы тұлға қылып қалыптастыру үшін ер жігіт салиқалы әйелді жар қылып алу керек . Бірақ бұл жерде де жігіттің өзі салиқалы болу болуы маңызды . Біз мына қағиданы есте сақтауымыз керек : Арақ ішіп , темекі тартатын жігіт пен арын жерге таптатқан қыздан сау, дана , ойшыл ұрпақ шықпайды . Темекі шегіп , арақ ішкен жастардың қандары бұзылады . Ата бабасынан қаны таза болып келе жатып , сол жігіттен бұзылса Құдай сақтасын олардан тіпті ұрпақ тарамай қалуы мүмкін . Қазіргі қоғам дерті осы наркотиктардан бастау алуда . Сол үшін жігітке ең алдымен иман керек . Неге жарың иманды болу керек себебі ол сенің ұлыңды , қызыңды тәрбиелейді .
2.Әлемге әйгілі ұстаз , философ , аудармашы , ақын А.Құнанбайұлы анасы Зере дәретсіз емізбеген . Есейген соң оны оқуға медресеге жіберген . Бұл жерден ұғатынымыз бала әуелі Алласын тануы керек . А.Құнанбайұлының отыз сегізінші қара сөзінде ; «Әуелі Алланы таны» деп келеді . А.Құнанбайұлының сөзі бар ;«Жас бала анадан туғанда екі түрлі болып туады ; біреуі ішсем , жесем, ұйықтасам деп тұрады . Екіншісі білсем екен , көрсем екен , үйренсем екен дейді». Егер біз балаға дінді үйретпей тек жай ата ана тәрбиесін берсек ол тұлға болып қалыптаспайды .Себебі ол өз қарнын ғана ойлайтын қызметкер болады . Біз баланы жастайынан құлшылыққа үйретуіміз керек . Құлшылық намазбен шектелмейді , құлшылық дегеніміз – өмір . Сол үшін балаға мұсылман болып өмір сүруді үйрету керек. Ал мұсылман болып өмір сүру дегеніміз не ? Ұрлама, біреудің ақысына , арына , абыройына қол сұқпа және көршің аш болған жағдайда , өзің тойып ұйықтама , ешқашан өтірік айтпа , кез келген жағдайда ант берме , күштің алдына бас иіп әлсіздерге қысым жасама және тағысын тағы . Бұларды меңгеру арқылы бала тұлға болып қалыптасудың сатыларына көтеріледі . Біз балаға дінді үйрете отырып , ең алдымен ниетін түзейміз . А.Құнанбайұлы атамыз айтады ; «Баланы білімді қылам десең , жақсы адам қылам десең әуелі ниетіңді түзе»
2.1.Баланы қорқыныш пен үрейдің арасында ұстамау керек . Баланы қателігі үшін ұра бермеу керек . Кеңес одағының батыры , жазушы Б.Момышұлы атамыздан қалған сөз бар ;
Ұра берсең , ұлың сенің - жасқанады ,
Жасқаншақты-басынады басқалары .
Қол көтермей – тәрбиелесең ақыл айтып ,
Ақылымен , кейін елді - басқарады
Ала білсін , өмірінен бар тынысты ,
Үйрете түс ;
Сабыр , шыдам , талпынысты.
Ең бастысы – иманына көңіл бөлгін,
Өссін десең , өз ұрпағың жарқын , күшті ...
Еңбегімен , жүрсін ұлың баға алып ,
Ақыл оймен , өзгелерден дараланып .
...