Жеке табыс салығын төлеушілер
Автор: altynaidosybaeva • Апрель 26, 2018 • Реферат • 2,051 Слов (9 Страниц) • 1,668 Просмотры
1. Жеке табыс салығын төлеушілер. Салық салу объектілері
2. Салық салуға жатпайтын табыстар
3. Жеке табыс салығының ставкалары
4. Жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі
5. Қорытынды
Жеке табыс салығын төлеушілер. Салық салу объектілері
Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады.
Жеке тұлғалар бұл:
• ҚР азаматтары;
• шет мемлекеттердің азаматтары;
• азаматтығы жоқ тұлғалар.
Жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды:
1. Ойын бизнесіне салықты төлеушілер, казино, ойын автоматтары залы, тотализаторлар, букмекерлік конторалар, ойын жолдары, бильярд, картинг секілді қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша тіркелген салық төлеушілері;
2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша.
Салық салу объектілері:
1. Төлем көзінен салық салынатын табыстар;
2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.
Салықтық база= ССТ= ЖТ-шегерімдер; мұндағы:
ССT - салық салынатын табыс; ЖТ – жиынтық табыс
Салық салынатын табыс
Шегерімдер
Қызметкердің табысы, ақшалай және заттай нысандағы материалдық табыс 1 МЖМ ( тек негізгі жұмыс орны бойынша )
Жеке тұлғанын салық агентінен түсетін табыстары 10% ЖЗҚ – ға ( барлық табыс көздері бойынша ) 75 АЕК = тен аспауы тиіс
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері Өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы, бір айда 10 АЕК – тен аспауы тиіс
Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс
Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлық ақыларының сомасы
Стипендиялар ҚР – дың резидент жеке тұлғасының ҚР аумағында тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалары
Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс
Медициналық қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шыңыстар күнтізбелік жыл ішінде 8 МЖМ – нен аспауы тиіс.
Жеке тұлғаның табысы болып қарастырылмайды:
1. ҚР – ның заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;
2. Жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды ҚР – ның заңнамасына сәйкес өтеу;
3. Қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда, осындай жұмыстың әрбір күніне Республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күні қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;
4. Іссапарлар кезіндегі өтемақылар:
- жол жүру мен броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарға баратын жерге жетуге және кері қайтуға іс жүзінде кететін шығыстар;
- тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
- салық төлеуші
...