Білім берудегі инновациялық технологиялар
Автор: Перизат Пулатова • Ноябрь 22, 2018 • Статья • 1,314 Слов (6 Страниц) • 1,105 Просмотры
А.О. Нурахамбаева – 3 курс студенті
Ғылыми жетекші: Б.Е. Сабырбай – әлеум. ғыл. магистрі
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ
Қарағанды қ.
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ
Бүгiнгi күннiң өзeктi мәceлeлepiнiң бipi – бiлiм caпacын apттыpу болып отыр. Осы мәceлeнi шeшу үшiн 2020 жылдapғa apнaлғaн бiлiм бepудi дaмыту бaғдapлaмacындa: «Бiлiмдi дaмытудың нeгiзi – иннoвaцияны eнгiзу, бiлiм бepу мeн aқпapaттық тexнoлoгиялapды жeтiлдipу бoлып тaбылaды» - делінген.
Еліміздің Пpeзидeнтi Н.Ә. Нaзapбaeв Pecпубликaны әлeмдeгi бәceкeгe қaбiлeттi 30 eлдiң қaтapынa кipгiзу туpaлы мiндeт қoйғaн бoлaтын. Бұл мәceлeнi жүзeгe acыpудa бiлiм бepу жүйeciн жeтiлдipу aйтapлықтaй pөл aтқapaды дeп, зaмaнaуи бiлiм бepу caлacының мaңыздылығын өзiнiң «Қaзaқcтaн-2050» ұзaқ мepзiмдi cтpaтeгияcының бaғдapлaмacындa көpceткен болатын [1, 3].
Қазіргі кезде көптеген мұғалімдер оқытудың нәтижелілігіне қол жеткізу үшін оқытудың заманауи технологиялары мен инновациялық әдістерін қолданады. Бұл әдістер оқытуда қолданылатын белсенді және интерактивті формаларды қамтиды. Белсенді әдісте оқытушы білім алушыларға қатысты белсенді ұстанымды қарастырады. Сабақ барысында оқулықтар, дәптерлер, компьютер, яғни оқыту үшін қолданылатын жеке құралдар қолданылады. Интерактивті әдістердің арқасында басқа оқушылармен ынтымақтастықта білімді тиімді игеру жүргізіледі. Бұл әдістер оқылатын материал бойынша оқушылар тобы жұмыс істейтін оқытудың ұжымдық нысандарына жатады, бұл ретте олардың әрқайсысы атқарылған жұмысқа жауапты болады.
Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі – оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мұғалім шығармашылық тұрғыда келуі керек. Өйткені, бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін ғана атқарса, ал қазіргі жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет.
Білім берудегі инновациялық технологияның басты мақсаты – дәстүрлі жүйемен салыстырғанда оқушының тұлғасын сапалы өзгерту болып табылады. Оны оқыта отырып, оқушының еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Сол себепті инновациялық технологияны қолдану – өмір талабы!
Қазақстанда ең алғаш «инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым – Немеребай Нұрахметов. Ол «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» - деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов: «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады, деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру.
Компьютерлік құралдар мен телекоммуникация желілерін дамытуға байланысты жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге негіз ретінде сапалы жаңа ақпараттық білім беру ортасын құруға мүмкіндік берді [2, 75].
Инновациялық оқыту тәсілдері – модульдік оқыту, проблемалық оқыту, қашықтықтан оқыту, зерттеушілік - әдістемелік оқыту, жобалау әдісі, әлеуметтік серіктестік және т.б.
Интерактивті әдістер жаңа материалды сапалы меңгеруге ықпал етеді. Оларға жататындар:
...