Жалпы медициналық білім берудегі ішкі аурулар пропедевтикасының маңызы
Автор: Aidyn-1002 • Сентябрь 14, 2021 • Лекция • 14,791 Слов (60 Страниц) • 859 Просмотры
Тақырып: Жалпы медициналық білім берудегі ішкі аурулар пропедевтикасының маңызы. Ішкі аурулар ғылымының даму тарихы. Ауру туралы түсінік. Дәрігерлік этика және медициналық деонтология.
Терапия пәніне үйрену ішкі аурулар пропедевтикасынан
басталады .Терапия - бұл ішкі аурулар және бүкіл организмнің аурулары туралы ғылым, тәжірибелік медицинаның ең үлкен бөлігі. Ішкі аурулар пропедевтикасы кеселдердің белгілері мен синдромдарын (симптоматология) ,оларды айқындау (диагностика) әдістерін зерттейді , сонымен қатар студент диагнозды құру логикасына (қисынына) ие болады
Денсаулық және сырқат - бұл қоршаған ортада өмір сүруінің әр түрлі, бірақ өзара байланысты қалыптары.
Денсаулыққа тән:
А) организмнің бүтіндігі (зақым жоқ).
Б) қоршаған ортаға организмнің жетерлік бейімділігі.
В) жақсы жағдай (хал).
Кеселге тән:
А) организмнің зақымдануы.
В) зақымға организмнің жауабы.
Кесел, сырқат, ауру – бұл зақымдануға организмнің жауабы, биологиялық және әлеуметтік құбылыс.
Сырқат себептері:
1) механикалық (жарақаттану, шайқалу, контузия т.б)
2) физикалық (радиация, жарық, электр тогы, жоғары немесе төмен температура т.б)
3)химиялық(улар, әскери улар, дәрі-дәрмектер т.б)
4)биологиялық (микроорганизмдер)
5)психогендік (стресс, үрей, күйзеліс)
6)генетикалық (тұқым қуалаушылық)
7)әлеуметтік (еңбек, тұрмыс, тамақтану жағдайы)
Кеселдің ағымы:
1)жедел (1-2күннен 2 айға дейін)
2)жеделдеу, созылған (2айдан -6 айға дейін)
3)созылмалы (1жыл немесе одан аса)
Кеселдің ақыры:
А)толық жазылу
Б )созылмалы түрге өту:1)рецидив - өршу, қозу
2)ремиссия - қайту
В)асқыну
Г)өлім (ажал)
Диагностика (diagnostikos) –бұл кесел және науқастың жағдайын анаықтаудағы зерттеу әдістерін мазмұндайтын медицина ғылымының бөлімі.
Диагноз (diagnosis-анықтау) - кесел маңызы және науқастың жағдайы туралы қысқаша дәрілік қорытындысы, терминдермен көрсетіледі.
Медициналық этика және медициналық деонтология – спецификалық жағдайдағы, үлкен парыздың, кәсіби қызметтің, жалпы адамзаттың адамгершіліктік үлкен міндетінің айқындылығы болып табылады.
Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасының объективті критерийлерінің бірі болып—этика-деонтологиялық критериі саналады.
Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon– парыз; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидалар жиынтығы.
Емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағайының күрделігімен барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуға дайындығы және қабілеттілігі. Ең бастысы, медициналық қызметкердің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт!
Медициналық көмектің құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзге де көзқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру, күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сонымен қатар, емделушінің өз бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім қабылдауына ықпал жасау керек. Әлеуметтік жағдайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық емделушілерге бірдей қарау және бәріне бірдей көмек көрсете отырып, медициналық қызметкер қандай бір көмек көрсетсе де, оның әрекеттері емделушіге және өзге де тұлғаларға нұқсан келтірмеуі тиіс.
Емделуші мен оның туыстары немесе өзге де медицина қызметкерлері арасындағы кикілжің туындаған жағдайларда, біздер емделушінің мүддесін қорғауымыз қажет.
...