Анықтамалық ақпарат орталығын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар
Автор: Azamat Orazhan • Май 29, 2023 • Реферат • 1,508 Слов (7 Страниц) • 142 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК АКАДЕМИЯСЫ
БӨЖ-6
Тақырыбы:Анықтамалық ақпарат орталығын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар
Орындаған: Оразқан Азамат Ээ-21-1к
Тексерген: Доштаев К.Ж
Алматы,2023
Кіріспе
Көлік жүйесі қазіргі таңда сапалық өзгерістерге ұшырауда. Бір жағынан оның құрылымы өзгеруде: көліктің жекелеген түр- лері бірегей басқарылу үшін бірігуде, ірі көлік тораптары мен əкімшілік орталықтарда тəуелсіз көліктік логистикалық орта- лықтар ашылуда жəне олар халықаралық көлік дəліздері ар- қылы əлемдік көлік жүйесінде үйлесімді орын тапқан бірегей логистикалық конвейерді біртіндеп құру үстінде. Дамып келе жатқан нарықтық қатынастар жағдайында көлік жұмысының тиімділігін арттыру, шығындарды азайту, тасымалдау құнын азайту, жүктерді жеткізу мерзімдерін қадағалау жəне олардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету мəселесі алға қойылады. Бұл жағдайлар тасымалдауларды басқару жүйесіне түбегейлі жаңа талаптар қояды.
Көлік саласын дамытудың аса маңызды бағыты Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дəліздерін дамыту бо- лып отыр. Бұл бағыттың дамуын анықтайтын элементтердің бірі клиенттерге нақты уақыттағы жүктің орналасқан орны мен оны жеткізу болжамы туралы ақпаратты ұсыну болып табылады.
Көлік күрделі инфрақұрылымға жəне оның шеңберінде ту- ындайтын орасан зор ақпарат көлеміне ие «өндіруші – көлік – тұтынушы» логистикалық тізбегінің аса маңызды бөлігі болып табылады. Жүктерді тасымалдауды басқару процесін ақпараттық қамтамасыз ету автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) кеше- німен жүзеге асырылады. Жүк тасымалдаушылармен ақпарат- тық өзара əрекеттестік, тасымалдау процесінің нақты үлгісін құру жəне келіп түскен ақпаратты өңдеуге негізделген тасымал- дау процесін оперативті басқару АБЖ-де маңызды рөл атқарады.
Теміржол көлігінде тасымалдауларды басқару тиімділігіне қойылатын талаптардың жоғары деңгейі оны жоғары деңгейде ақпараттандыру қажеттігін анықтайды. Бүгінде ақпараттық тех- нологиялар басқаруды қолдау құралдары болып қана қоймай,
3
көлік инфрақұрылымының аса маңызды элементтерінің бірі бо- лып табылады. Ақпараттық технологиялар АБЖ құруда негізгі технологияларға жатады жəне тасымалдауды басқаруды жетіл- дірудің анықтаушы шарты болып табылады.
Көлік қозғаласын ұйымдастыруда электрондық деректер ал- масу негізінде коммерциялық жəне пайдаланушылық процедура- ларды орындауға мүмкіндік беретін көпмақсатты ақпараттық тех- нологиялар кешені жасақталды жəне табысты түрде қолданысқа енгізілді. Ол салалық ақпараттық-телекоммуникациялық инфра- құрылымға, соның ішінде, көліктік байланыстардың барлық не- гізгі порттар мен кеден терминалдарына шығатын талшықты- оптикалық магистральдық сандық желісіне негізделеді. Бұл ақпараттық деңгейде көліктің алуан түрлерінің интеграция- сына нақты мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстанның көлік байланысының жоғары жылдамдыққа ие сандық желісі оның шекаралық өтпе жолдар пунктерінде шектесетін көршілес елдердің көлік желілері арқылы əлемдік телекоммуникация желі- леріне шығу міндетін шешеді.
Көлік тасымалын ұйымдастырудың ақпараттық жүйелері мүм- кіндіктерін оңтайлы түрде қолдану елдің бүкіл көлік кешенінің мүддесіне сай түрлі көліктер арқылы ішкі жəне халықаралық тасымалдауларды ұйымдастыру барысында басқару мен байла- ныс шығындарын айтарлықтай төмендету мүмкіндігін береді, көліктік жəне логистикалық қызметтердің сапасының едəуір ар- туын қамтамасыз етеді. Ақпараттық технологияларды енгізудің басым бағыттары:
- жүктердің қозғалысын ғаламдық қадағалаумен қамтамасыз ету мақсатында желілік технологиялар
...