Жоғары білім берудегі тәрбие үрдісі
Автор: akmaral725 • Апрель 27, 2023 • Курсовая работа • 38,178 Слов (153 Страниц) • 239 Просмотры
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан жастарының І-ші съезінде: «Жастардың бойында құндылықтардың дұрыс жүйесін қалыптастыру керек, оның негізінде еңбексүйгіштік, ар-намыс, парасаттылық, өзін-өзі тұрақты жетілдіруге ұмтылыс және оқу, тәртіп сияқты қасиеттер жатқаны жөн» деп қазіргі жастардың бойында аса қажетті рухани құндылықтарды тәрбиелеу керектігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі кезде бұл құндылықтарды жастар мен жастардың бойында қалыптастыру үшін әртүрлі іс-шаралардың, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалына үлкен мән берудің тиімділігіне және оның бұл мәселелерді жүзеге асыруда аса маңызды құрал екендігіне тоқталды[1]. Ақпараттық қоғам жағдайында заман талабына лайықты азаматтар тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті қажет ететін үрдіс екені белгілі. Осыған байланысты қоғамның жаңа ХХІ ғасырға аяқ басқан кезеңіндегі түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтарға толы мерзімде болашақ азаматтарға білім мен тәрбие беру мекемелерінің алдында жауапты міндеттер тұр. Бүгінгі күні ақпараттық технологияларға бейімделген білімді, тәрбиелі, мәдениетті тұлғаны өмірге дайындауға барлық мүмкіндіктер бар және оған әртүрлі факторлардың ықпалы басым, солардың негізгілерінің бірі бұқаралық ақпарат құралдары мүмкіндіктеріне қоғамның баса назар аударуы бекер емес. Өйткені, ақпараттық қоғам жағдайында бұқаралық ақпарат құралдары адам өмірінде белгілі дәрежеде басымдылық танытып отыр. Осы тұрғыдан қарастырғанда, қазіргі уақытта ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін ескермей болашақ жастардың рухани болмысын өмірдің қай саласында да елестету қиын болса, олардың ең алдыңғы қатарында тұлғалық болмысы тұр.
Болашақ мамандарды даярлауда жоғары оқу орындарының алдына қойылып отырған қазіргі басты талап – заманға лайықталған білім беру қызметін жетілдіру, тәрбие берумен қатар, олардың рухани құндылық бағдарын қалыптастыру, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары оның негізгі көзі, әрі басты құралы. Демек, болашақ жастардың рухани құндылық бағдарын қалыптастыру тұрғысында тәрбие үрдісін жүзеге асыру қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі, бұл тұрғыда адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін барлық негізгі факторларды, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше ықпалдық факторын да қарастырған маңызды.
Болашақ мамандарды даярлауда жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру, адамның әлеуметтік-құлықтық бағдарламасын жасау, соған сәйкес, тұлғаның әлеуметтік дамуы нақты тарихи сипатқа ие болады. Демек, тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі, нәтижесі бола отырып өзінің белсенді қоғамдық қимылы арқылы қалыптасады. Бұл мәселеде бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, радио, теледидардан бастап интернетке дейін) интерактивті айрықша маңызға ие болып отыр.
Ақпараттық қоғам жағдайында уақыт талабына жауап бере алатын тәрбиелік әдістерді, құралдарды анықтап, оны қолданысқа ендірудің қажеттілігі заман талабы. Өркениетті елдердің тәжірибелерін қарастыра отырып, педагог ғалымдар, тәрбие беруде барлық әлеуметтендіру институттарының бірлесіп әрекет етуі тиіс деп көрсетеді. Ал тәрбие институттары ретінде ең алдымен отбасын, оқу-тәрбие мекемелерін қарастыратын болсақ, сонымен қатар соңғы уақыттарда олардың қатарына бұқаралық ақпарат құралдары да енді. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдарының оқу-тәрбие үрдісіндегі рөлінің артуы, оның мүмкіндіктерін педагогика және психология тұрғысынан тереңірек талдауды қажет етеді. Әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарының танымдық-тағлымдық, ақпараттық, рекреативті, релаксациялық, коммуникативті мүмкіндіктері жан-жақты зерттеліп, педагогика ғылымында жаңа «медиабілім» бағыты пайда болды.
«Медиабілім» беру тұжырымдамалары мен оларды жүзеге асырудағы бағдарламалар бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлерінің және соған қатысы бар техникалық құралдарды пайдалана білуде болашақ мамандарды даярлауды көздейді. Тұжырымдамалардың негізінде көптеген шетелдік ғалымдар «медиабілім» проблемасына кеңінен көңіл бөліп, медиабілім берудің негізгі тармағы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдары рөлінің студент жастардың өмірінде барынша артып отырғандығы көрсетіледі. Сондай-ақ, БАҚ-тың бүгінгі күні ересек адамдардан гөрі студент жастардың рухани құндылық бағдарын қалыптастыруда елеулі орын алатындығына байланысты олардың мүмкіндіктеріне мән беру маңызды болып отырғандығы айтылады.
...