Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту

Автор:   •  Май 24, 2022  •  Статья  •  804 Слов (4 Страниц)  •  281 Просмотры

Страница 1 из 4

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

        

                                          Нұрмағамбет А.А.

                               (ғылыми жетекшісі - Дағарова Ж.)

                  Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігі        

         Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

        

Аннотация: Мақалада бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі көтеріледі. Ол қазіргі таңда Қазақстанның білім беру саласындағы жаңа тенденциялардың пайда болуына байланысты өзекті болып табылады.

        

Кілтті сөздер: Педагогика, шығармашылық, креативтілік, дивергентті ойлау, креативті ойлау,

Бастауыш мектеп жасы бала тұлғасының қалыптасу үрдісінің ең маңызды кезеңі, өйткені осы жаста баланың қабілеттері, мінез-құлық белгілері неғұрлым қарқынды дамиды. Дәл осы жас кезеңінде баланың денсаулығы мен дамуының іргетасы қаланады, бұл өз кезегінде баланың психикалық функциялары мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға жағдай жасайды. Оқушылардың шығармашылық танымдық іс-әрекетін жандандыру мұғалімнің сабақта қолданатын оқыту әдістеріне байланысты. Білім беру, дағдылар мен іскерліктерді дамыту басты мақсат емес, оқушының танымға деген қызығушылығын ояту әлде қайда маңызды.

Украин психологы В. Моляко психология тұрғысынан шығармашылықтың мәнін аша отырып, «шығармашылық дегеніміз – берілген субьект үшін жаңа нәрсе жасау процесі» деп анықтама береді. Сондықтан, шығармашылық белгілі бір түрдегі «таңдаулылардың» дарыны емес, ол кез келген адамға қол жетімді екені анық. [1, 185 б.]

Шығармашылық процесс кезінде оқушының жеке басының еркіндігін атап өткен жөн. Жеке бас бостандығын шектеуэмоционалды ашуланшақтық пен немқұрайлылық шығармашылық ойдың жандануына кері ықпал ететіні түсінікті. Сондықтан, егер біз шығармашылық дарындылықты ашуға және дамытуға шынымен қызығушылық танытсақ, авторитарлық оқыту стилінен бастарту керекпіз.

Баланың шығармашылығы әлеуметтенудің ажырамас факторына айналуда. «Жалпы орта білім беру тұжырымдамасында» білім беру мазмұнын жаңартудың іргелі қағидасы – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды, қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескере отырып, олардың білімін дараландыруды көздейтін білім беру мазмұнының жеке бағдарлануы. [2, 14 б.]

Кіші мектеп оқушыларының шығармашылық ойлауы ересек балаларға қарағанда еркін. Олар әлі догмалар мен стереотиптермен әлі шектелмеген, олар тәуелсіз болып келеді сондықтан, бұл сапаны сақтау және дамыту керек.

Когнитивтік көзқарастың өкілдері Л. Кропли, Л. Термен, Ф. Гальтон және т.б. шығармашылықты психикалық белсенділіктің дербес ерекше түрі ретінде бөліп қарастырмайды. Педагогтардың көзқарасы бойынша шығармашылық немесе креативтілік дегеніміз ақпаратты икемді және жан-жақты өңдеумен сипатталатын интеллект қолдану тәсілі. Дж. Гилфорд креактивтілікті «әмбебап танымдық шығармашылық қабілет» деп анықтады, оның негізінде дивергенттік ойлау, яғни мәселенің шешудің бірнеше нұсқаларын іздеуге бағыттылған ойлау жатыр. Шығармашылық құрлымына келесі интеллектуалдық қабілеттер кіреді, оларға: ойдың шапшаңдығы (көп идеяларға қабілеттілік); ойдың икемділігі (әртүрлі шешім стратегиясын пайдалану қабілеті).[3]

...

Скачать:   txt (10 Kb)   pdf (73.8 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club