Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері
Автор: Nurzhan Nurgaliev • Май 10, 2018 • Курсовая работа • 5,317 Слов (22 Страниц) • 2,088 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
I.БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ұжым түсінігі, кезеңдері және олардың бір-бірімен сабақтастығы............5
1.2 Балалар ұжымы және оның ерекшеліктері.......................................................8
1.3 Оқуцшылардың ұжымын құру, ұйымдастыру және дамыту........................12
II. МҰҒАЛІМ МЕН БАЛА ҰЖЫМЫНЫҢ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ МЕН БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
2.1. Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері...................................................................................................................13
2.2. Балалар ұымының жағдайын диагностикалыу әдістемесі..........................15
2.3. Ұжым өмірінде жеке қатынас, өзара жауапкершілік қатынас және гуманистік қатынастың мәні....................................................................................17
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуы
III.ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................30
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. А.С.Макаренко: "Дұрыс тәрбиелеудің бірден - бір жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу деп санаймын. Ең жақсысы — жеке оқушыны ұйымдастыру, соны төрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелі болған кезде олар жақсы ұжым болады деп ойладым. Ал кейін мен жеке оқушымен сөйлеспей-ақ бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады." — деп ұжымды ұйымдастыруды неден бастау қажеттігін түсіндірген. [1. 17]
Мектеп ұжымы құрылымының негізін де тұрақты бөлігі - басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы.Осы сыныптық; ұжымда оқушылар арасындағы тұлға аралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол мектеп ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.
Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы (ынтасы) ~ ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат - қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.
Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа және алыс перспективалар.
Жақын персмектива — ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.
Орташа перспектива — уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.
Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.
Курстық жұмысының мақсаты: ғылыми педагогикалық әдебиеттер мен басылымдық материалдарды зерделей келе, педагогтар мен ғалымдар еңбектерінде балалар ұжымын қалыптастыру мен оның даму кезеңдерін саралау негіздерін анықтау, жүйелеу.
Зерттеу жұмысының нысаны: оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері, мұғалімнің кәсіби сапалық қасиеттерін жетілдіретін оқу тәрбие үдерісі.
Зерттеу жұмысының пәні: ағартушы-педагогтардың педагогикалық еңбектері
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Ғылыми педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдар еңбектеріндегі балалар ұжымының даму сатыларын айқындау;
- оқушылар ұжымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық, педагогикалық негіздерін оқып-үйрену;
- оқушылар ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапаларын анықтау;
- оқушылар ұжымын қалыптастырудың кейбір әдіс-тәсілдерін анықтау және жүйелеу;
Зерттеудің болжамы:
Зерттеудің жаңалығы:
І. БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Ұжым түсінігі, кезеңдері және олардың бір - бірімен сабақтастығы.
Ұжым және жеке адам проблемасы қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік проблемаларының бірі болғандықтан педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр.
...