Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ерте жастағы балалар тісжегісінің алдын алу бағдарламасы

Автор:   •  Апрель 7, 2018  •  Реферат  •  3,196 Слов (13 Страниц)  •  1,559 Просмотры

Страница 1 из 13

                  Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан

                       мемлекеттік медицина университеті

                                [pic 1]

Студенттің өзіндік

          жұмысы

Мамандығы: Стоматология

Курс: 3

Тақырыбы:  Ерте жастағы балалар тісжегісінің алдын алу бағдарламасы.

Форма: мәнжазба

Орындаған: Бақытжан Е.И.    

Тобы: 302

Тексерген:Аженова Қ.І

                                               Ақтөбе 2017ж

Жоспары:

1.Кіріспе.

        

2.Негізгі бөлім:

А)    Алдын алу шараларының жоспарлануы

Б)     Алдын алудан да, емдеуден де стоматология бойынша  бағдарламаларды жоспарлау мен енгізу

3.Қорытынды.

4.Пайдаланған әдебиеттер.

                                                       Кіріспе

 

  Алдын алу– бұл, денсаулықтың жоғары деңгейін қамтамасыздандыруға және ауруларды болдыртпауға бағытталған мемлекеттік, әлеуметтік, гигиеналық және медициналық шаралар жүйесі.

   Алдын алу жүйесінде біртұтас алдын алу  үрдісінің  екі тармағын айырады: біріншілік және екіншілік алдын алу. Біріншілік алдын алу – бұл, ауруларды туындататын себептері мен шарттарын болдырпауға, сонымен қатар қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсерінен бала организмінің төзімділігінің жоғарылауына бағытталған әлеуметтік, медициналық, гигиеналық шаралар жүйесі болып табылады. Тіс жегісінің біріншілік алдын алудың негізгі мақсатына, ешбір сау баланың науқастар қатарына ауысып кетпейтіндей етіп, мүмкіндігінше барлық әдістер мен заттарды қолданумен, балалар денсаулығының деңгейін жоғарлату жатады, басқаша айтқанда сау балалар тобындағы алдын  алу болып табылады.

  Балаларға стоматологиялық көмектің дамуының қазіргі уақыттың деңгейінде профилактика, жоспарлаусыз және денсаулықты дамытумен бақылауынсыз іске асуы мүмкін емес.

 

Алдын алу шараларының жоспарлануы, жалпы мемлекеттік, топтық және индивидуалды деңгейде жүзеге асуы мүмкін. Жалпы мемелекеттік алдын алу шараларына мысал бола алады:

• ауыз суында фтор құрамының төмендеген аймақтарында суды фторлау;

• ауыз қуысының күтімі үшін  емдік-алдын алатын заттардың шығарылуы; 

• жас ұрпаққа санитарлы-медициналық ағартуды жоғарлатуға бағытталған, сонымен қатар ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған гигиеналық тәрбиелеу сұрақтарын мектептерде балаларды тәрбиелеу бағдарламаларына енгізу;

• тұрғындардың еңбегі мен тұрмысын жақсарту, әр түррлі балаларға арналған мекемелер, соның ішінде  мамандандырылған (бет пен жақ- бет аймағының туа біткен патологиясы бар балалар үшін) мекемелер құру;

  Жалпы мемлекеттік алдын алу (профилактика), ДДҰ ұсынымдары бойынша, негізгі стоматологиялық мекемелер мен біртұтас мемлекеттің мәліметтерін популяциялық деңгейде жинақтайтын ғылыми советтердің  ғылыми зерттеулері негізінде жоспарланады.

  Алдын алу бағадрламасын  құру мен  оның енгізілуі,  эпидемиологиялық зерттеулер мен  балаларға стоматологиялық көмектің жағдайына, бағдарлы жоспарлау  принциптерін қолдану кезіндегі кадрлық мүмкіндіктерге негізделуі керек.

  Жалпы мемлекеттік жоспарлау тұрғысында, эпидемиологиялық зерттеулер  мақсаттарына, аймақтың немесе біртұтас мемлекет тұрғындарындағы аурулар таралуы мен ауырлық дәрежесін анықтау жатады. Мысалы, әр түрлі  мемлекеттерде  ауыз суды фторлау тәжірибесі, тіс жегіні алдын алатын бұл шараның  тек жоғары немесе өте жоғары  қарқындылықты зақымдануы бар аймақтар үшін тиімді болып келеді. Тіс жегісі қарқындылығының мардымсыз болған аймақтарда, оның  алдын алуы  жалпы мемлекеттің  мақсатына жатпайды. Басқа ауруларға, мысалы, жоғары қарқындылық көрсететін  пародонталды ауруларға қатысты да  алдын алу шаралары  жоспарланады. 

...

Скачать:   txt (40.1 Kb)   pdf (390.2 Kb)   docx (249.8 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club